«WhatsApp Қазақстандағы жұмысын тоқтатады»

28 ақпан 2022, 21:14

Қазақстандықтар ел аумағында WhatsApp мессенджері жұмысын тоқтататыны туралы ақпарат таратуда. Мектептер бұл туралы ресми хабарлама жіберілген екен. Бұл өтірік деп хабарлайды stopfake.kz.

 

 

ҚР БҒМ білім беру мекемелеріне немесе басқа жерлерге мұндай хабарламалар жібермеген.

 

– Министрлік білім беру ұйымдарына мұндай ақпарат жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтар әлеуметтік желілерде және ҚР БҒМ сайтында жарияланады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Мессенджер Қазақстан аумағында жұмысын тоқтатады деуге ешқандай негіз жоқ. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да тиіс ақпарат шыққан жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанға қатысты ешқандай санкциялар енгізілмегенін атап өткен жөн.