Ел жаңалықтары

Залалсыздандыру құралдары адам өміріне қауіпті ме – әкімдік жауабы

  • Залалсыздандыру құралдары адам өміріне қауіпті ме – әкімдік жауабы

    Залалсыздандыру құралдары адам өміріне қауіпті ме – әкімдік жауабы

Нұр-Сұлтанда 20 наурыздан бастап адам көп шоғырланатын жерлерде, тұрғын үй кешендері, тұрғын үй алаңдарында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтанда қолданылып жатқан залалсыздандыру құралдарының адамға, құстар мен жануарларға еш зияны жоқ. Бұл туралы астана қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтанда 20 наурыздан бастап адам көп шоғырланатын жерлерде, тұрғын үй кешендері, тұрғын үй алаңдарында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күнделікті жұмыста қорғаныс министрлігі мен жекеменшік ұйымдардан 470 адам жұмылдырылған. 231 адам қорғаныс министрлігінің адамы, ал қалған жұмыс жеке кәсіпкерлердің тарапынан орындалып жатыр. Дезинфекция жүргізуге арнайы 50-ден аса техника бар.

"Қалада барлық сауда орындарында, шағын сауда дүкендерінде, мешіттер мен үй кіреберістеріне, лифттерге күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пайдаланылатын құралдардың микроб бен вирустарды өлтіруге әсер ететін күші бар. Залалсыздандыру құралдары адамдар мен жануарларға зиянсыз. Арнайы құралдар толықтай сатып алынды",- деді ол.

Қалада залалсыздандыру жұмыстары екі ауысыммен жұмыс істейді. Тазаланатын орындар алдын ала хабарланады, алдын ала лифттер тоқтатылады. Тазалау жұмыстарын атқаратындардың барлығы арнайы киіммен жабдықталған. 

Сонымен қатар  қала әкімінің орынбасары түнгі он бірден кейін дәрі шашылады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Дезинфекция аспаннан шашу арқылы жүргізіледі деген ақпарат шындыққа жатпайды. Ресми ақпарат көздеріне сену керек. Мамандармен кеңесе келе бұл жолдың тиімді емес екені бұған дейін де айтылды",- деді ол.




Көрілген: 141    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 21:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31