Ел жаңалықтары

Заң бұзып, салық төлемеген 117 көліктің уақытша сақтау қоймаларында тұрғаны анықталды

  • Заң бұзып, салық төлемеген 117 көліктің уақытша сақтау қоймаларында тұрғаны анықталды

    Заң бұзып, салық төлемеген 117 көліктің уақытша сақтау қоймаларында тұрғаны анықталды

Бүгінде еліміздің уақытша сақтау қоймаларында құны 500 - 9000 доллар аралығындағы 117 көліктің тұрғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ведомство мәліметінше, бұл көліктердің барлығы кеден заңнамасын бұзып, кедендік төлемдер мен салықтар төленбеуінен қоймаға жеткізілген. 2019 жылдың 13 тамызындағы жағдай бойынша, уақытша сақтау қоймаларында 500-ден 9000 АҚШ долларына дейінгі Еуразиялық экономикалық одақ аумағында пайдалануға тыйым салынған және қауіпсіздік бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін 1965-2013 жылдары шығарылған 117 автокөлік құралы тұр. "Техникалық регламентке сәйкес емес, бірақ бұдан әрі пайдалануға жарамды автокөлік құралдары қосалқы бөлшектер бойынша іске асыру үшін "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ уәкілетті ұйымына берілген. Іске асыруға және бұдан әрі пайдалануға жарамсыз автокөлік құралдары уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілгенде және ақшалай қаражаттар іздестірілгеннен кейін кәдеге жаратылады", - делінген комитеттің хабарламасында.

 




Көрілген: 169    Пікірлер: 0

жұма, 16.08.2019, 12:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30