Ел жаңалықтары

«Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек» - Өмірзақ Шөкеев

  • «Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек» - Өмірзақ Шөкеев

    «Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек» - Өмірзақ Шөкеев

Түркістан облысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Өмірзақ Шөкеев осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етуде. Облыс аумағында да 300-ден аса адам ауырып, дәрігерлердің арқасында 180-ге жуық науқас дертінен жазылып отбасына оралды. Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясының барына күмән келтіретін адамдар көшеде қыдырып, туған-туысының үйіне барып жүр. Балалар бір-бірімен аулаларда бірге ойнап, бір-бірімен тығыз байланыста жүр. Бұл - дұрыс емес. Аталған вирус қазір облыс көлемінде, әр ауданда кеңінен тарап барады. Алдын алмасақ, салдары жаман болмақ. Балаларға жұққан ауру оның бойында білінбегенмен, үлкен қарияларға жұқса, оларға өте ауыр тиеді. Отбасымыздың, туған-туыстың, ата-анамыздың амандығын ойласақ әлі де карантин режимін сақтауымыз қажет. Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынады. Құқық қорғау органдарына арнайы жиналыс жасап, тапсырдым. Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек», деді Ө. Шөкеев.

Атап өтейік, соңғы ақпаратқа сәйкес, облыста коронавирустық инфекцияныңрасталған 337жағдай тіркелген. Оның ішінде 187 адам қазіргі таңда ауруынан айығып, үйлеріне оралды.

 

 




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 21:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31