Зардап шеккен дәрігерлерге, қауіпсіздік қызметкерлеріне және өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді – Сағынтаев

20 қаңтар 2022, 15:12

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша Алматы қаласының активінде сөйлеген сөзінде зардап шеккен полиция қызметкерлерін, құтқару қызметі мен медициналық ұйымдарды қолдау туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы күрделі әрі қиын күндері қоғам зардап шеккендерге өтемақы төленетініне және қолдау көрсетілетініне сенімді болуы керек. Мәселен, зардап шеккен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, дәрігерлер мен өрт сөндірушілерге жалпы сомасы 220,5 миллион теңге, ал ауыр жарақат алғандарға – екі миллион теңгеден, орташа жарақат кезінде – бір миллионнан, жеңіл жарақат кезінде – 500 мың теңгеден өтемақы төленетін болады», – деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.
Ол сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде осы іске жұмылдырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті. Бұл мақсаттарға 10 012 адамға, оның ішінде 3 880 полиция департаментінің, 1 207 - ТЖД, 93 - құтқару қызметінің, 4 832 – медицина қызметкерінің қызметкерлеріне 1,6 млрд теңге бөлінеді.