Ел жаңалықтары

Зардап шеккендер бар: Алматы облысында жылыту пеші жарылды

  • Зардап шеккендер бар: Алматы облысында жылыту пеші жарылды

    Зардап шеккендер бар: Алматы облысында жылыту пеші жарылды

Алматы облысында жеке үйдегі пештің жарылуы салдарынан екі адам зардап шекті: әйел мен ер адам. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 28 қыркүйек күні Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы жеке үйлердің бірінде болған. Деректерге сәйкес, үй иелері суық ауа райының басталуына байланысты пешті жағуға тырысқан, бірақ жүйеде судың бар-жоғын тексермеген.

"Нәтижесінде қатты отынмен жанатын жылыту пеші жарылды, одан кейін жалпы алаңы 2 шаршы метрді құрайтын пеш пен үйдің қабырғасы жартылай қирады. Екі адам зардап шекті: 57 жастағы үй иесі және оның 35 жастағы ұлы. Аяғы күйген әйел, аяғы сынған ер адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазір олардың жағдайы орташа дәрежеде деп бағаланады", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәлеметінше, жарылыстың алдын ала себебі - қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану ережелерін бұзу, атап айтқанда жылыту жүйесінде судың болмауы.




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 01:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 20:40
    Егін – 2020

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31