Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зардап шеккендер бар: Шемонаихада жанармай құю бекетінде жарылыс болды

22 маусым 2023, 15:46

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шемонаиха қаласында жанармай құю бекетінде газ жарылыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға бүгін, яғни 22 маусымда қалада,ы Украинская көшесінде орналасқан газ баллондарына жанармай құю станциясында болған.

«Жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрт салдарынан 5 бірлік техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді», - делінген шұғыл хабарлаимада.
Өрттен тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп төнген жоқ.

Өрт ошағын сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылды.