Зеленский "антипутиндік коалиция" құру жөнінде келіссөз бастады

24 ақпан 2022, 14:33

Украина президенті Владимир Зеленский батыс елдерінің басшыларымен "антипутиндік коалиция" құру жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы ол өз бейнеүндеуінде айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Украина басшысы қорғаныс саласында қолдау көрсету және Ресей үшін Украина әуе кеңістігін жабу туралы келісімге келетінін айтқан. Сонымен қатар ол халықты сабырға шақырды.

Зеленский әлем елдерінің көшбасшыларынан Ресейге қарсы санкия енгізуді сұрады. 

Айта кетейік, бұған дейін Украина Түркиядан қолдау көрсетуін сұраған еді. Дипломаттар Ресейді Украинаға қарсы соғыс бастады деп айыптаған.