"Зенит" Нұралы Әліптің болашағына байланысты нақты шешім қабылдады

11 мамыр 2022, 02:05

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп карьерасын ресейлік "Зенит" сапында жалғастырады береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz -ке сілтеме жасап.

 Себебі, командада орталық қорғаныста ойнайтын футболшылардың саны аз.

"Ресей чемпионы сапында сегіз шет елдік футболшы бар. Олардың бірі Нұралы Әліп. Бірақ Қазақстан құрамасының қорғаушысы легионер болып саналмайды. "Зенит" Әліпті 2022 жылдың соңына дейін алды. Сондықтан ол жазда ешқайда ауыспайды. Өйткені, командада орталық қорғаушы аз. Ал Нұралы соңғы кездесулерінде тәуір ойнады. Әліптің болашағы "Зениттің" еурокубок ойындарына қатысты емес. Ал қалған жеті легионерлердің жағдайы қиын. Олар Санкт-Петербургқа Чемпиондар лигасында ойнау үшін келген еді. Дегенмен бұл олардың келуіндегі негізгі себеп емес", - деп жазады sport-express.ru порталы.
Еске салайық, биыл "Зенит" командасы кезекті рет Ресей чемпионы атанды.