Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зейнетақы жарнасынан алынған ақшаға ипотеканы жабуға болады – Нұрымбетов

03 қыркүйек 2020, 12:01

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгін осындай мәліметтерді жария етті.

«Үшінші мәселе – зейнетақы қорында артық ақшасын тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге кімдер ала алады деген мәселе.

Біріншіден, емделу мақсатында азамат өзі үшін, жұбайы үшін және жақын туыстары үшін ала алады. Жақын туыстарына ата-әжесі, ата-анасы, бауырлары, балалары, немерелері, ағасы, інісі, әпкесі жатады.

Және біз бір отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіру мүмкіндігін қарастырмақпыз. Қандай тұрғын үй алуға болады? Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін шектеу көп болмайды. Тұрғын үйді немесе жер учаскесін сатып алуға жұмсауға болады. Тұрғын үй алғанда тек жаңа емес, екінші нарықтағы үйді сатып алуға, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеуге болады. Ол үшін кез келген екінші деңгейдегі банк және кез келген бағдарламамен алынған ипотека жарайды. Баспананы кеңейтуге болады. Бұл жерде бір ғана шектеу болады – жарна арқылы алынған үйді бес жыл ішінде қайта сата алмайды», - деп түсіндірді Нұрымбетов.