Зейнетақы жинағын алу ережесіне жаңа өзгерістер енгізілді

11 желтоқсан 2021, 09:50

Индустрия және инфраструктуралық даму министрі Бейбіт Атамқұлов зейнетақы жиғаны алуға қатысты өзгерістер енгізілген ережеге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, жаңа ереже бойынша мынадай өзгерістер енгізілді:

Үй алу мақсатында жинақты толықтыру. Алайда үш жыл аралығында тұрғын үй қарызын рәсімдеу міндетті.
Үй салу мақсатында жер телімін сатып алу немесе жаңа жер телімінде жеке үй салу. Салымды құрылысқа арналған жинаққа кепілге қалдыруға болмайды. 
3 желтоқсан күні БЖЗҚ 2022 жылы зейнетақы жинағын алу үшін жеткіліктік шегі бірден өсетінін хабарлаған еді. Өзгеріс депутаттар мен қоғам қайраткерлері,халық арасында сынға ұшыраған. Сонымен қатар жеткіліктік шегін есептеу үшін түсірілген өтініштер саны екі есеге көбейген. 

9 желтоқсанда Пезидент Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш мерзімді 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін созуға бұйрық берді. 

Stan.kz