Зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі қысқарды

14 желтоқсан 2021, 13:21

Енді БЗТ қаражатын пайдалануға 20 жұмыс күні беріледі. Бұл туралы Отбасы банк хабарлады.
Яғни, БЗТ арнайы шотқа түскеннен кейін, қаражаты 20 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі болады.

«20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтінім жіберген сәттен емес, БЗТ қаражаты сіздің арнайы шотыңызға түскен сәттен бастап есептеледі. Арнайы шот ашу үшін банкке келудің қажеті жоқ» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін 3 жылда үй алмаса, Отбасы банкіне аударылған ақша зейнетақы қорына кері қайтарылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

aikyn.kz