Ел жаңалықтары

Зейнетақы жинағын пайдалану: тағы бір банк жауапты оператор болады

  • Зейнетақы жинағын пайдалану: тағы бір банк жауапты оператор болады

    Зейнетақы жинағын пайдалану: тағы бір банк жауапты оператор болады

Қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемін аударуға арналған арнайы шотты онлайн режимінде аша алады
Қазақстанның тағы бір банкінде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға болады. Бұған дейін біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану бойынша бір ғана қаржы ұйымы  &ndash "Отбасы банк" оператор болған.  

Енді бұл функция Halyk Bank клиенттеріне де қолжетімді болады &ndash банк зейнетақы қаржысын мақсатты пайдалану жөніндегі екінші уәкілетті оператор болды, деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Қоғамдық кеңесі.  

"Енді Halyk Homebank қосымшасында клиенттер бір реттік зейнетақы төлемін аудару үшін қажетті арнайы шотты онлайн режимінде аша алады. Төлемдер алудың бастапқы міндетті шарты &ndash арнайы шот ашу", - делінген хабарламада.
Halyk Bank-тің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл фактіні растады.

Айта кету керек, бұған дейін Қор зейнетақы жинағының көлемін бірнеше тәсілмен тексеруге болатынын хабарлаған болатын.   

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу, сондай-ақ жеке меншік басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беретін заң қабылданды.  
 
 




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 21:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31