Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зейнетақы жинағындағы артық ақшаға жер телімін сатып алуға болады

22 желтоқсан 2021, 18:57

Бұл туралы «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Біз бүгін осы опцияны іске қостық. Енді зейнетақы жинағының бір бөлігіне жер телімін сатып алуға болады. Порталда арнайы батырма енгізілді, – деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, бұған дейін зейнетақы жинағының қаржысына жекеменшік үй салуға рұқсат берілген. Алайда, салымшылардың көбі үй салу үшін алдымен жер телімін сатып алу қажеттігін айтқан.

Міне, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану аясында жер телімін сатып алу мүмкіндігі беріліп отыр. Жерді екі мақсатта ғана алуға болады. Жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа. Екі жылдың ішінде үй салып, банкке тиісті құжаттарды жіберу керек, – деп түсіндірді банк басшысы.
Барлық құжат enpf-otbasy.kz порталындағы жеке кабинет арқылы жіберіледі.

Екі-ақ құжатты жіберу керек. Біреуі – үйді пайдалануға беру актісі, екіншісі – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық пен оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама, – дейді Ләззат Ибрагимова.
Ал екі жылдың ішінде үй салынбаса, ақшаны қайтаруға тура келеді. Алайда, құжат рәсімдеу жағынан қиындықтар туындаған жағдайда қосымша уақыт берілуі мүмкін.

aikyn.kz