Зейнетке шығуына бір күн қалған: АҚШ-та түрменің үздік қызметкері қылмыскерге қашуға көмектескен

11 мамыр 2022, 15:13

АҚШ-та түрмеден қашқан қылмыскер мен оған көмектескен түрме күзетшісін тұтқындау қайғылы оқиғамен аяқталды. 58 жастағы Вики Уайт пен 38 жастағы Кейси Уайтты полицейлер Индиана штатынан тауып, тұтқындаған. Алайда түрме қызметкері Вики Уайт өз-өзін атып тастаған. Жұп бір аптадан астам уақыт қашып жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Құзырлы органдар қашқындарды Индиана штатындағы Эвансвиль маңынан ұсталғанын мәлімдеді. Олар көлікпен қашпақ болған, алайда жол апатына ұшыраған. 

Кейси Уайт полицияға берілген, ал Вики Уайт өзін атып, кейін ауруханада мерт болды. 

Жұп 29 сәуірден бері іздеуде жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша Алабама штаты, Лодердейл аймағындағы түзету мекемесі басшысының көмекшісі Вики Уайт кісі өлтіріп, өлім жазасына кесілуі керек болған Кейси Уайттың қашып кетуіне көмектескен. 
Вики Уайт әріптестеріне тұтқынды түрмеден алып, психиатриялық сараптама үшін сот ғимаратына жеткізетінін айтқан. Кейін олар жасырынып қалған. 

Бұл Вики Уайттың зейнет алдындағы соңғы жұмыс күні болған. Бұған дейін өз үйін нарықтағы бағасынан екі есе арзанға сатып, көлік алған. Жаңа көлігін нөмірсіз сауда үйінің тұрағында жасырмақ болған. Ал жұма күні оларды дәл осы көлікпен Алабама штатында көрген. 

Жексенбі күні сот приставасына Эвансвильдегі көлік жуу орнынан Ford F-150 автокөлігінің байқалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Бейне бақылау камерасындағы суреттерде Кейси Уайтқа ұқсайтын ер адамның көліктен шыққаны түсірілген. 

Вандербург округының шерифі Дэйв Веддинг дүйсенбі күні осы көліктің кеңсесінің жанына келген айтқан.  Сөзінше, полицейлер барғанда Кейси мен Вики Уайттар көлікпен жасырынып қалмақ болған. Қууды тоқтату үшін полицейлер қашқындардың көлігін соққан. Кейси жеңіл жарақат алған, ал Вики өзін атып, ауруханаға түскен. 

Қашу жоспары

29 сәуір күні Вики тұтқынды алып, психиатрмен сұхбаттасуға баратынын айтқан. Анықталғандай ол күні ешқандай психиатрмен сұхбат белгіленбеген. Ал Уайт ережеге қайшы жұмыс істепті: егер қылмыскер қауіпті болса, жанында екі күзетші жүруі қажет болған. 

Вики Уайт қылмыскерді жеткізген соң өзі де дәрігерге баратынын, өзін нашар сезініп тұрғанын айтыпты. Күзетші мен қылмыскер таңғы тоғыз шамасына шығып кеткен. Ал сағат 11:00-де сауда үйінің тұрағында патруль көлігі табылған.


 Әйел баласын iPhone-ның көмегімен құтқарып қалған
44 жастағы азамат туған қарындасымен көңіл жарастырып, одан төрт бала сүйген

2 мамыр күні Вики Сью Уайтқа түрмеден қашуға көмектесті деген айып тағылып, тұтқындауға ордер берілген. АҚШ үкіметі қашып кеткендер туралы ақпарат айтқандарға 10 мың доллар көлемінде сыйақы беруге уәде берген. 

Үлгілі қызметкер

"Мен біздің басқармадағы барлық қызметкерлер оның жоғалып кетуіне және болған оқиғадан кейін есеңгіреп қалды дей аламын. Әріптестері, шериф департаментіндегі барлық жұмысшылар, судьялар оны құрметтейтін", – деді Лодердейл округының шерифі Рик Синглтон баспасөз мәслихатында. 

Сөзінше, тергеу нәтижесінде жұптың қашу жоспарын ұзақ уақыт дайындағаны анықталған. Ал өзге тұтқындар Викидің Кейси Уайтқа өзгелермен салыстарғанда жақсы қарағанын айтқан. 

"Бұл қашу жоспары жақсы есептелген. Бұған көп уақыт пен күш жұмсаған. Оларда қаржы да, қор да, транспорт та жеткілікті болған", – деді Синглтон. 

Кейси Уайт қастандық жасағаны және өзге қылмыстары үшін 75 жыл мерзімін өтеп жатқан. Сонымен қатар оған 2015 жылы үй тонамақ болғанда 58 жастағы әйелді пышақтауы бойынша сот жазасы шығуы керек болған. Егер кінәсі дәлелденсе, өлім жазасына келісуі мүмкін. 

Шерифтің сөзінше, Уайт 2020 жылы адамды кепілге алып, түрмеден қашып кетпек болған. Алайда жолы кесіліп, түрмеден қаша алмапты.