Алаш ТВ

Америкалық "Жалшы" фильмінде Қазақстандағы әйелдердің сұмдық жағдайы жайлы баяндалды

  • Фильмнен алынған кадр

    Фильмнен алынған кадр

АҚШ-та режиссер Кристофер Рэйдің "Жалшы" фильмі жарыққа шықты. Фильмде Қазақстандағы әйелдердің сұмдық жағдайы жайлы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Картина қазақстандық прокатқа шыққан жоқ, сондықтан да болар, осы күнге дейін белгісіз болып келді. "Жалшы" ("Наемницы") фильмінің оқиғасы Қазақстан Республикасында өрбиді. Эдвард Де Руитердің сценарийі бойынша, қазақстандық әйелдердің құқығы жоқ, сұмдық жағдайда өмір сүреді, ал елдегі бизнестің басты түрі - жезөкшелік. Әйелдерді "құлдықтан" босатып алу үшін АҚШ президентінің қызы Қазақстанға аттанады. Бірақ ол жолда келе жатып, қарулы қақтығыстар болып жатқан ауданда тұтқынға алынып, түрмеге түседі. Осыған байланысты әйелдерден тұратын бөлімше құрылып, олардың мақсаты әйелдер түрмесіне кіріп, іштегілерді құтқарып алу болады. "Иә, бұл жердің болашағы жоқ. Оларда Кеңес өкіметі құлағаннан кейін әрқашан да осылай. Бірақ оларда жылжымайтын мүлік өте арзан", - дейді Қазақстанға келген жалшы қыздар.


Америкалық фильмдердің дәстүрі бойынша, оқиға хеппи-эндпен аяқталады және президенттің қызы босатылады. Онымен бірге, Қазақстанның барлық қыздары бостандыққа шығарылады. Айта кетейік, бұл фильмді Bad Comedian жобасының жігіттері оңдырмай сынады.




Көрілген: 6834    Пікірлер: 4

сейсенбі, 07.04.2015, 19:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша 2014
    Иран Қазақтары
    10 Қараша 2014
    Ауған Қазақтары
    7 Қараша 2014
    Париж қазақтары
    7 Қараша 2014
    Моңғолия қазақтары
    27 Қазан 2014
    Қайрат Нұртас
    27 Қазан 2014
    Даулет Палуан

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30