397 фашистің көзін құртқан қазақ батыры

397 фашистің көзін құртқан қазақ батыры

Жармалық майдангер, 397 фашистің көзін құртқан сұр мерген Төлеуғали Әбдібековті жалпақ жұрт жете біледі деп айта алмаймыз. Себебі, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 70 жыл болды, отты жолдар көмескіленіп барады. Сондықтан кезінде ерлігі ескерусіз қалған батыр жайында сөз қозғамақпыз.

Аудан әкімі Әнуарбек Мұхтархановтың кезінде Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған Төлеуғали Әбдібеков туралы хабары мол екен. Бұл мәселені 2009 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы «Қазақстан-Заман» газетіне берген сұхбатында сөз еткенін және 2014 жылдың қыркүйек айында Мәжіліс депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл қайыра көтергенін айтты.
– Бүгінгі буын Төлеуғали Әбдібековтей батырының есімін неге білмейді? Осы мәселе аудан басшысы ретінде мені толқытқаны рас. Біз, Жарма жұртшылығы, бұдан 70 жыл бұрын жасалған әділетсіздікті түзетуге Үкімет тарапынан шаралар қолданылуы тиіс деп ойлаймыз. Ол үшін Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын мере¬келеуге байланысты құрылған республи¬калық ұйымдастыру комитеті қажетті материалдарды дайындап, Елбасының қарауына ұсынады деген үміттеміз. Төлеуғали Әбдібековтей батыр атамызға «Халық Қаһарманы» атағы берілсе, нұр үстіне нұр болар еді, – деді аудан басшысы.
Даңқты жерлестеріне деген жармалықтардың құрметі ереркше. Мұрағат деректеріне сүйене отырып, интернет бетін шарлар болсақ, Ұлы Отан соғы-сын¬да батыр атағына ұсынылған, алайда, саяси әділетсіздіктің кесірінен бұл атаққа ие бола алмай қалған жерлестері жөнінде талай мәліметтерді жолықтырамыз.

Мақтаралға неге қоныс аударды?

Батыр атамыздың кіндік кескен жері – Жарма ауданының Қапанбұлақ ауылы. 1916 жылы өмірге келген Төлеуғалидың өз атасы Насырханнан төрт ұл, бір қыз тарайды, соның Әбдібегінен батыр атамыз өрбіп отыр. 1930 жылы Қапанбұлақ өңірінде құрылған ұжымшарда 14 жастағы балаң жігіт еңбекке араласады. Ол атасының бердеңкесін 10 жасынан қолынан алып, ауылдастары арасында сұр мергендігімен көзге түседі. Аштық кезінде қара мылтықтың арқасында ауылдастарына талғажау етер тіскебасарды тауып бере алған. Бірақ әкесінің ағасы Кемелбайдың «халық жауы» атануы мерген атамыздың үнемі жолын кескестеп, 1937 жылдары әкесінің інісімен бірге туыстарын сағалап, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының «Мақтаарал» ұжымшарына көшіп барады. Сол жерде өзіне мүлдем бейтаныс кәсіп - мақташылықпен айналысады. Шаруаға тыңғылықтылығы, жұмысқа икемділігімен басшылықтың көзіне ілігіп, мақташылар бригадасының бригадирлігіне көтеріледі. Осы жерден 1938 жылы армия қатарына алынып, 1940 жылы әскери борышын өтеп, бригадирлік қызметіне кіріседі. 1942 жылы әскер қатарына қайыра шақырылып, Шымкент қаласынан мамыр айында аттанып, Калинин майданындағы 8 гвардиялық Панфилов дивизиясының, кейіннен 30-гвардиялық деп аталған 1077 атқыштар полкіне түседі. Сержант шеніндегі атамыздың өмірбаянымен жіті танысқан полктің әскери басшылығы қазір Қазақстанның орталық музейінде сақтаулы тұрған ТВ-2916 оптикалық винтовкасын табыстайды. Архивтік құжаттар негізінде айтарымыз - Төлеуғали Әбдібековтің теңдесі жоқ мерген болғандығы, 397 гитлершілді жойып, 32 мерген тәрбиелеп шығарғаны.
Сол кездегі атамыздың ерлігі турасында бірталай мақалалар жазылды, соғыс туралы түрлі жинақтарда есімі аталып, ерлігі сөз болды. Өйткені, батыр бабамыздың мергендігі Кеңес Одағын былай қойып, әлемді таңғалдыратындай екен. Бір ғана мысал келтірейік, кеңінен дәріптеліп жүрген Кеңес Одағының Батырлары, атақты мергендер Ф.Смолячков - 125, В.Зайцев - 255 жаудың көзін жойған. Ал Төлеуғали Әбдібеков - 397 фашисті, яғни бір батальонға жуық жаудың көзін құртқан. Солай бола тұра, Төлеуғали Әбдібеков Кеңес Одағының Батыры атағын ала алмаған. Ал бабамыздың қайталанбас ерлігін мұрағаттық құжаттар да толықтай растайды.
Жеңістің 40 жылдығына арналған «Панфиловшылар» атты кітапта Төлеуғали Әбдібековтің есімі жинақтың ең соңындағы – «Құраманың ескерткіш күнтізбесі» атты соғыс хроникасында екі жерде аталып өткен: Т.Әбдібеков 400-дей фашисті жойды деп және қаза тапқаны туралы дерек берілген.
1942 жылдың мамырында соғысқа кіреді де, 1944 жылдың 23-ақпаны күні ауыр жарақаттан медсанбатта қайтыс болады. Немістің снайперімен жекпе-жекке шығыпты. Немісті өлтіргенімен, Төлеуғалидың өзі де ауыр жарақаттанып, ақыры ажал құшады.

Аңдысқан жау алмай тынбайды

Атамыз турасында бірталай деректерді жинаған тарих ғылымдарының докторы Тілеу Көлбаевтың «Снайпер Тулеугали» мақаласында «Қара өлімнің» соңына мықтап түскен қарсылас жақтың атқыштарын жасырын жекпе-жекте Төлеуғали атамыз бір-бірлеп құртып отырған. Аңдысқан жау алмай тынбайды, оның өмірі 1944 жылдың 23-ақпанында 26 жасында қыршынынан қиылды. Сүйе¬гі Калинин облысындағы Нас¬ва стансасының түбінде жерленген.
Жауынгерлік ерліктері үшін Әбдібеков «Қызыл Жұлдыз», «Қызыл Ту» ордендерімен, І дәре¬желі Отан соғысы орденімен, «Ленин» орденімен наградталды. Командование оны Кеңес Ода¬ғының Батыры атағына өмір-баяндық анкетада өзінің немере ағасы Кемелбай Насырхановтың репрессияланғанын жасырмай жазғаны үшін ғана ұсынбағанын жазады.
Яғни, қайсар батыр кезінде «халық жауы» атанып, лагерьде азап шеккен арыс азаматтан бас тартпай, ашық айтқан. 1937 жылғы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жаладан итжеккенге айдалған, Магаданның түрмесінде сүйегі қалған аға¬сы Кемелбай үшін алғалы тұрған атағынан айырылған. Туған жерін бас¬қын-шылардан азат ету жолында ғұ¬мырын қиған, соңында жоқтайтын ұрпағы қалмаған қыршын батырдың деректері зерттейтін тарихшы табылса, Подольскідегі әскери архивте сақтаулы.
Белгілі жазушы Медеу Сәрсеке өз тарапынан Төлеуғалидың ерлігінің ескерусіз қалмауын көтеріп, майдангер полковник Төлеуғазы Жылтыровқа Тілеу Көлбаевтың біз жоғарыда сөз еткен мақаласын берген екен. Ол кісі өзі дүние саларынан біраз бұрын мән-жаймен жете танысып, батыр туралы деректі қалай іздеу керек¬тігін қағазға ыждағаттап жазып беріпті. Онда: «Факты об Абдибекове Ту¬леу¬гали фантастические… Легендарный снайпер Зайцев уничтожил 255 фашистов, стал Героем Советского Союза, его ежегодно чествуют на Малаховом Кургане Сталинграда. 1. Главное, найти в архивах представления к награждению этими орденами. Все документы искать в архивах Минобороны и Наградного Управления Верховного Совета тех лет. 2. Ехать в Москву в архивы Министерства Обороны СССР и Государственный архив СССР и найти хотя бы наградные листы (снять копии). 3. Поискать и найти публикации в газетах «Правда», «Известия», «Комсомольская правда», «Красная звезда» и сделать фотокопии. 4. Общественное мнение нужно… 9. Составить краткий хронологический список о подвигах героя со ссылкой на источники публикации и на авторов. Кратко, всего не одной странице. Без официальных документов добиться ничего невозможно. Это аксиома. Нужны официальные документы и только документы» деп, 2006 жылы 18 ақпанда қол қойып, Медеу аға арқылы жазушы Айгүл Кемелбаеваға беріп жіберген екен.
Атамыз туралы сұрау салу мұнымен тоқталып қалмай, Қазақстандағы саяси қу¬ғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашу¬ұлы 2007 жылы қазан айында Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық әскери мұрағатына сұрау салып, 2008 жылдың 18 наурызында жауап алды. Подольск әскери мұрағаты екі архивтік анықтама салған. Гвардия аға сержанты, снайпер Т. Әбдібековтің соғыс деректерін, ерен ерліктерін растаған.
Хатта мұрағат деректері қолмен көшіріліп, наградалардың қандай ерлігі үшін берілгені тізіліпті. Онда: «Прославленный и непревзойденный снайпер. Хитрый, осторожный, выдержанный, хорошо знающий повадки врага довел свой снайперский счет до 395 уничтоженных гитлеровцев. Подготовил 32 снайпера… Умер от ран в медсанбате 23.2.44 г.» деп жазылған. Қол қойылған, мөр басылған, бәрі заңды түрде ресімделген.
Өз кезегінде зерттеуші қаламгер Айгүл Кемелбаева белгілі жазушы Әзілхан Нұр¬шайы¬қовтан дерек көздерін сұрағанда, 2006 жылы 16-ақпанда жазылған мына жауапты алыпты: «… Тілеу Көлбаевтың «Снайпер Тулеугали» атты мақаласында 1944 жылы шілдеде Қазақстанға келген делегациядан мергеннің №2916 винтовкасының елге жіберілгені, оның қазір орталық мұражайда сақтаулы тұрғаны баяндалған. Бұған қарағанда дивизияның үш жылдығы қарсаңында Төлеуғали Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған болуы тиіс. Дивизия елге делегация жібергенде, қолдарына Қазақстан Үкіметіне арналған хат ұстатады. Батырлыққа дивизия ұсынады. Содан кейін ол құжат Мәс¬кеуге кетеді. Дивизияның Қа¬зақ¬станға жазған хаты Алматы архивтерінің бірінен табылуға тиіс. 1944 жылы майданнан дивизия делегация-сын басқарып келгенімде, біз дивизияның хатын Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне тапсырғанбыз» делінеді.
Сөйтіп, елін қорғаған бір батырдың ерлігі сол кездің өзінде-ақ ұмыт бола бастаған. Бәріне кінәлі сол тұстағы саясат. Ал қазір ше? Артында іздеуші жұрты, қалың қазағы бар емес пе?
Соны алға тартқан Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Жеңістің 70 жылдығы еліміздің іздеуі жетпеген ер ұлының таудай атын жарыққа шығарып, мәртебемізді асқақтатады деген үкілі үмітті оята түсетінін айтады. «Төлеуғали Әбдібековтей батыр тұлғаның ерлігі талай жүректерді жаулап, түлектерді қанаттандыра берері сөзсіз» дей келе, депутат Үкімет алдына бірқатар мәселені тартып отыр. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары Қарулы Күштердегі мергендер даярлайтын құрылымдарының біріне Т.Әбдібековтің атын беруді, «Халық Қаһарманы» атағына ұсыну керектігін көтереді. Үкімет басшысының атына жолданған депутаттық сауалға 16 халық қалаулысы қол қойған.
Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы Төлеуғали Әбдібеков құжаттарымен танысып, Кемелбай деген кісінің 1937 жылы «халық жауы» ретінде жазаланғанын біледі. Ал оның інісі Әбдібектің ұлы Төлеуғали «халық жауының» туысы ретінде қуғындалып, Оңтүстік Қазақстандағы туысқандарын паналағанын, үш рет Батыр атағына ұсынылып, алмай қалғандығын анықтайды. 2007 жылы қазан айында Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық әскери мұрағатына сұрау салып, 2008 жылдың 18 наурызында жауап алды да, қуанғаннан Ресейдің президенті В.Путинге «Кеңес үкіметінің мұрагері ретінде сіздер Төлеуғали Әбдібековке соғыста көрсеткен ерлігі үшін «Ресей батыры атағын беріңіздер» деген ұсыныс жасайды. Сондай-ақ, Қазақтан Республикасы Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ атына да осындай хат жолдайды.
Жұмабек Ашуұлының айтуынша: «Ең атақты орыс мергені Зайцев 255 фашисті өлтірген, жылда Мамаев қорғанында Зайцевтің құрметіне салют беріледі. Смолячков деген мерген 125 фашисті өлтірген. Екеуін қосқанда бір қазаққа жетпейді. Бір жарым айдың ішінде Ресей Президентінің аппаратынан: «Біздегі тәртіп бойынша Ресей Батыры атағын алдымен Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ұсынуы тиіс. Сондықтан біз сіз жіберген құжаттың барлығын сонда жолдадық» деген жағымды жауап алды.
Енді осы мәселе қайыра Парламентте көтерілгені батырдың жерлестеріне қуаныш отын жандырып отыр.

Серік Әбілқасымұлы, Жарма ауданы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста