Көші-қон және демография

14 мыңнан астам адамшағын несие ала алады

  • 14 мыңнан астам адамшағын несие ала алады

    14 мыңнан астам адамшағын несие ала алады

 Ақтөбеде «Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ-дың өзара серіктестігі» атты бірінші халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумы өтті.


Екі күндік форум жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаева, Қазақстан, Израиль, Түркия, Польша, Грузия және Қырғызстанның әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы бірқатар қоғам қайраткерлері мен сарапшылары қатысты.


Алқалы жиынға қатысушылар халықаралық тәжірибе мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың жаһандық үрдістерін талқылады. Форум қорытындысы бойынша, тиісті шешімдер қабылданып, бірнеше меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, форум аясында Ақтөбе облысында әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарында мастер-класстар ұйымдастырылып, B2B және B2S форматында кездесулер өтті.


Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев форумға қатысушыларды құттықтай келе, әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының басты бағытының бірі екенін атап өтті.


Оның айтуынша, бүгінгі күні барлық әлеуметтік мәселелерді тек мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың күшімен ғана емес, бұл процеске кәсіпкерлерді де белсенді түрде тарту қажет. Бұл ретте, Ақтөбе облысындағы тәжірибе әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызды мәселелерін шешуде өзінің айқындығын көрсетті. Яғни, кәсіпкер де, мемлекет те және халық та табысқа жетіп отыр. Тек 2017 жылы облыста бюджеттен тыс бірнеше қор есебінен құны 29 млрд теңге болатын 73 әлеуметтік жоба іске асырылғаны осыған дәлел.


–Біз кәсіпкерлікті белсенді дамыту бағытында жұмыс істеп келеміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 52 мыңға жетті, бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр. Біз кәсіпкерлер үнемі әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударамыз, – деді облыс басшысы.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өз кезегінде қазақстандық қоғамды одан әрі жаңғырту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және ел экономикасының өсуін қолдау Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасында анық көрсетіліп, оны жүзеге асыру маңызды қадам екендігін атап өтті.


–2018 жылы мақұлданған бюджетте микрокредиттеуді кеңейтуге 42 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде ауылдық жерлерге 31 млрд теңге, қалалар мен моноқалаларға – 11 млрд теңге бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен микрокредиттерді қаржыландыру көлемі қосымша 20 млрд теңгеге ұлғайды. Нәтижесінде шағын несиемен 14 мыңнан астам адам қамтылып, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге артық болады, –деді министр.


Ведомства басшысы сондай-ақ, бұл бастама бір уақытта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын құру, аз қамтылған халықтың кірісінің өсуіне, сонымен бірге өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу бойынша алда тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.


Сонымен бірге Мадина Әбілқасымова «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бизнесті қолдау бағдарламасы және халықаралық қаржы институттарының әр түрлі бағдарламалары арқылы жүзеге асырылатын әйелдер арасындағы бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету жайына да тоқталды.


«Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ-дың өзара серіктестігі» атты форум қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталып отыр.


Еркін ҚАЛДАН




Көрілген: 4731    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.05.2018, 14:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31