Көші-қон және демография

"7-20-25" бағдарламасына қатысушылар нені білуі тиіс?

  • "7-20-25" бағдарламасына қатысушылар нені білуі тиіс?

 Қазіргі таңда халықтың әл-ауқатын көтеру мәселесіне ерек­ше маңыз беріліп отыр. Соның ішінде әрбір азаматты толған­дыратын маңызды мәселе – пәтер, тұрғын үй. Осы орайда Елбасы айтқан «7 – 20 – 25» бағдарламасы ізгі бастама екені анық. Бағдарламаға сәйкес 7 пайыздық несие бо­йынша бастапқы салымның көлемі 20 пайызды құрамақ. Несиелер 25 жылға дейін бері­ле­ді. Мұндай бастама халық­­­­тың әлеуетін көтеруге бағыттал­­­ған. Таяуда Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Астанада ҚР Парламенті Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде "7-20-25" бағдарламасына қатысқысы келетін азаматтарға бірқатар нұсқаулар берді. 


 Бұл – әрбір отбасына үлкен демеу, үлкен қолдау болаты­ны анық. Елдің ертең – жастар! Білім­ге бөлінетін қосымша 20 мың грант келешекте әр­бір жастың кірпіш болып қалануына нақты бастама. Қала берді, жатақхана мәселесі шешімін тауып, сту­дент­тер 2022 жылға дейін 25 мың орынмен қамтамасыз етіл­мек. Мұның бәрі – ерекше жағдай. Халықтың бизнес бастауы­на жағдай жасау мақсатында шағын несиенің жал­пы көлемі екі есеге көбе­йіп отыр. Бұл әрбір іске мұ­рын­дық болатын­дай бас­тама. Сон­дықтан бүгін­гі күн толқынысқа толы, тағдыр­шешт­і күн десек а­ртық емес. Мұны халыққа жет­кізіп, халық­тың арасында тү­сін­діру жұмыстарын жүргізу қажет. Парламентке бері­ліп отырған тапсырма – осы баста­маларды заңмен ұштас­тыру. Елба­сының бес бастамасы ха­лықтың әлеуметі мен әлеуетін көтеретін оңды бағыт деп айту­ға толық негіз бар.


Ұлттық Банк басшысының айтуынша, біріншіден  Бағдарламаға қатысушы сатып алғысы келетін тұрғын үйді таңдауға тиіс. "Бағдарламада тұрғын үйдің шекті құны белгіленетін болады. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау сияқты қалаларда тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 миллион теңге, басқа өңірлер үшін - 15 миллион теңге болады. Бастапқы кезеңде тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға ғана өтініштер қаралатын болады деп болжанып отыр", - дейді Ақышев. Екіншіден, оның айтуынша, бағдарламаға қатысқысы келетін азамат өтініш пен қажетті құжаттарды алып банкке келуі тиіс. "Біз жақында қажетті қаржылық көрсеткіштері бар, филиалдық желісі дамыған және азаматтарға қызмет көрсетуге жағдайы бар банктерді, сондай-ақ қажетті құжаттардың базалық тізбесін анықтаймыз", - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы. Сонымен қатар ол қатысушының кредитке қызмет көрсету үшін қажетті кірісінің болуы, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы қажет екенін айтты. "Ұлттық банк аталған қағидаларды түсіндіру үшін барлық күш-жігерін салады және халықпен белсенді жұмыс жасауға дайын", - деп сөзін қорытындылады ол.


Айша Нұржанқызы 


 




Көрілген: 4115    Пікірлер: 0

жұма, 04.05.2018, 22:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30