Көші-қон және демография

8 млн адамның цифрлық сауаттылығы арттырылмақ

  • 8 млн адамның цифрлық сауаттылығы арттырылмақ

    8 млн адамның цифрлық сауаттылығы арттырылмақ

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіндегі басым бағыттардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігімен пайдалана білуге үйрету және кеңінен насихаттау. Бағдарламаны жүзеге асыру бағытында «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленгені белгілі. Жалпы осы жоба аясында «Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен мемкорпорацияның 2 жылдық қызметін қорытындылауға арналған баспасөз конференциясында мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов хабарлады.


Абылайхан Оспанов атап өткендей, үстіміздегі жылдың маусым-тамыз айларында «ҰАТ» АҚ, «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқарушы органдардармен бірлесе отырып шамамен жарты миллион адамның цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта Қазақстан бойынша 880 жаттықтырушыны арнайы дайындықтан өткізіп, сертификаттар табысталды. Аталмыш оқыту курсы қала, аудан, ауыл халқына бірдей қолжетімді болады.


Қазіргі таңда мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисі өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторымен жабдықталған, ол жерде «электрондық үкімет» порталы және басқа да мемлекеттік ресурстарға шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген 2 628 жұмыс орындары ұйымдастырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 700-ден астам электрондық қызмет пен сервис алуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері «Connection Point» арқылы 4,5 миллионнан аса кеңес беріліп, 4 млн қазақстандық өздігімен қызмет алған.


–Сонымен қатар биыл еліміздің барлық облыс орталықтарында Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір жоба пилотты негізде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тиімді жұмыс жасауда. Мұндай орталықтардың ерекшелігі – белгіленген кестеге сәйкес цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыру бойынша тақырыптық дәрістер өткізетін сыныптарының болуы. 2018 жылдың 4 айында аталмыш сыныптарда 3,6 мың адам білімін жетілдірді, – деді Абылайхан Оспанов.


Сонымен қатар адам көп шоғырланатын орындарда (сауда орындарында, вокзалдарда, әуежайларда, соттарда және т.б.) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрақты негізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кең ауқымды акциялар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.


Айта кетейік, жыл басынан бері мемлекеттік және жеке оқу орындарында (ЖОО, колледждерде және т.б.) 10 мыңнан аса студент цифрлық қызметттер алу бойынша дағдыларын машықтандырды.


Еркін ҚАЛДАН




Көрілген: 5263    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.05.2018, 11:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31