Әлеумет

Алматыда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

  • Алматыда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

    Алматыда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Еліміздің әр аймағында тұрғындарға түрлі жұмыс орындарын таңдауға мүмкіндік беретін жәрмеңкелер өткізіліп тұрады. Мұндай жәрмеңкелердің бірі маусым айында Алматы қаласындағы «Достар-Коммерц» ЖШС базасында ұйымдастырылды. Бұл жолы жәрмеңке мемлекеттік қызметкерлерге арналды. Мұндағы негізгі мақсат – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасында тікелей байланыс орнату арқылы жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуына байланысты кеңестік-әдістемелік көмек көрсету және электронды мемлекеттік қызметтерді алуды насихаттауға бағытталған жәрмеңкеге қатысушылар өздеріне қажетті біршама мәліметтерге қанық болды.
.
Халқы тығыз орналасқан қалаларда екі қолға бір жұмыс табу оңай шаруа емес. Әсіресе, мемлекеттік қызметке орналасуда кедергілер кезігуі мүмкін. Сондықтан ашықтық пен бәсекеге қабілеттілікті қолдау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында бос лауазымдарға жәрмеңке өткізіп тұрады.
Жалпы мұндай жәрмеңкелер «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында өткізіліп тұрады.Бұл бағдарлама Қатысушыларды техникалық және кәсіптік оқытуға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, сонымен бірге халықты жұмыспен қамтуға көмектесу арқылы еңбек нарығын дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. 

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы әкімінің аппараты және Алматы қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп ұйымдастырды. Таңғы сағат 10-нан басталған жәрмеңке кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасты. Сол уақыт аралығында жәрмеңкеге 3 мыңға тарта адам қатысты.
Мемлекеттік органдар азаматтарға сапалы кеңестер беру мақсатында мемлекеттік қызметке кіру мен мемлекеттік қызметтерді алудың нақты алгоритмі көрсетілген тарату материалдары мен ақпараттық бейнебаяндар ұсынды.

Архитектура және қала құрылысы, денсаулық, білім, көші-қон, салық, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту сынды әлеуметтік маңызды деген мемлекеттік қызметтерді көрсететін 16 мемлекеттік орган мен 2 үкіметтік емес ұйым, оның ішінде, «Атамекен» ҰКП және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Алматы қаласындағы филиалы жәрмеңкеге қатынасып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, тиісті кеңестер айтты. Жәрмеңкеде бой көрсеткен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» мамандары тақырыпқа қатысты ой-тұжырымдарын ортаға салды. Банк қызметкерлері келушілердің барлық сұрақтарын жауапсыз қалдырған жоқ. Келушілердің басым бөлігі үй алу үшін алдын ала төленетін 30 пайыздық төлемнің жеңілдетілген түрі бар-жоғын анықтауға асықты.

Кеңесші Ринат Нүсіпжанұлының айтуынша, мемлекет пен жауапты орган бекітіп берген 30 пайыздық алдын ала төлем қандай жағдай болса да қысқартылмайды екен. Мейлі, көпбалалы отбасы болсын, мүмкіндігі шектеулі жан болсын 30 пайыздық алдыңғы төлем жасау міндетті. Бұл «Өз үйім», «Нұрлы жер» және «Алматы жастары» бағдарламаларына қатысты. Және алдын-ала 30 пайыздық төлемнен бөлек Алматы қаласында тұрғылықты мекен-жайының кемі 1 жыл тіркелуі, алты айлық жұмыс өтілі, үйі болмау секілді қажетті ақпараттарға қанық болдық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта Алматы қаласының өзге де аудандарында аталған жәрмеңке өз жалғасын табады. Алдағы уақытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті электронды мемлекеттік қызметтер мен мемлекеттік қызмет саласында жүйелі негізде кең ауқымды насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыратын болады.


"Алаш айнасы" 




Көрілген: 3425    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.06.2018, 23:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31