Әлеумет

Атаулы әлеуметтік көмектің артықшылығы мол

  • Атаулы әлеуметтік көмектің артықшылығы мол

    Атаулы әлеуметтік көмектің артықшылығы мол

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты енгізілген болатын. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында егжей-тегжейлі түсіндірген еді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік көмек қалай жүзеге асырылады? Атаулы әлеуметтік көмектің ерекшелігі не? 


Біріншіден, бүгінде көпбалалы аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақының 3 түрі, атап айтқанда арнайы мемлекеттік жәрдемақы, балалар жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмек енді Бірыңғай жәрдемақы түрінде берілмек. Бұл орайда, оның мөлшері қазіргі үш түрлі төлемнің жалпы сомасынан жоғары болады.


Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмекке қосымша еңбекке қабілетті әр азаматқакейіннен жұмысқа орналастыра отырып, оқуы және кәсіп алуы, жеке ісін ашуы және оны жүзеге асыруы үшін шағын несие беру арқылы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.


Үшіншіден, қиын өмірлік жағдайда жүрген отбасы мүшелеріне мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілмек.


Бүгінгі таңда жаңа жергілікті мамандар қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті, әлі де оқытылуда.


Айта кету керек, 2014 жылдан бері еліміздің барлық өңірінде «Өрлеу» жобасы немесе жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмектің нұсқасы пилоттық тәртіптеенгізілді. Тек биылдың өзінде елімізде «Өрлеу» жобасына шамамен 161 мыңдай адам қатысты.


Жоспар бойынша, келер жылы мемлекеттен 350 мың отбасыатаулы әлеуметтік көмек алатын болады (бүгінде жәрдемақының 3 түрін алатындардың жалпы саны).


Атаулы әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында қызметті «бір терезе» ұстанымымен Жұмыспен қамту орталықтарында көрсету көзделіп отыр. Енді жерде азаматтар қазіргідей 3 жерге емес, құжаттардың бір пакетін жинап, бір ғана мекемеге жүгінбек. Көмекті алу үшін қалада – Жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елдімекендерде – ауылдық округ әкімдеріне бару қажет.


Айша Нұржанқызы




Көрілген: 3464    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.05.2018, 04:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31