Көші-қон және демография

Білікті маман, мықты кәсіпкер болу үшін дұрыс бағыт-бағдар керек

  • Білікті маман, мықты кәсіпкер болу үшін дұрыс бағыт-бағдар керек

    Білікті маман, мықты кәсіпкер болу үшін дұрыс бағыт-бағдар керек

Қазіргі заманда кім де болса жаңа кәсіп бастауды, өзінің сүйікті ісімен айналысуды армандайды.Бірақ осы арманды мақсатқа айналдырып, жүзеге асыруға келгенде көп жағдайда қаржы тапшылығы қолбайлау болып жатады. Сондай-ақ кәсіби сауат­тылық пен білімнің жетіспеуі де адамға дұрыс бағыт таңдауға қиындық келтіре­ді. Осыған орай өз кәсібімді ашам деуші­лерге мем­лекет тарапынан көптеген қолдау көр­сетіліп жатқанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Өз кәсібін дөңгелетіп әкетем деушілерге нақты қандай қолдау бар? Міне, осы мәселеге қатысты Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының атқарып жатқан жұмыстарына шолу жасап көрейік.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, еңбек ресурстары квалифика­ция­ларының еңбек нарығының сұраны­сына сәйкес келмеуіне байланысты жылда жұмыс берушілер ұсынған 20 мыңнан астам бос орын толтырылмай қалатын көрі­­неді. Еселі әрі табысы мол жұмыс орын­дарына көбінесе жұмыс іздеушілердің білімі мен кәсіби біліктілігі сәйкес келмейді екен.


«Атамекен» бүгінде кадр дайындау мәселесінде білім жүйесі мен бизнес арасын біріктіру бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ Алматы қаласында Кәсіпкерлер палатасы елімізде алғаш рет білім беру ошақтары мен жұмыс берушілер кірген өндірістік кластерлер құрды.


Заманға салалық білім кластері бұл көп функциялы құрылым болып саналады. Мұрнда білім бағдарламаларын, тәуелсіз сертификаттау, заманауи өндірістік технологиялар енгізу, еңбек нарығын бақылау, мемлекеттік тап­сырысты қалыптастыру және орналастыру, өндірістік тәжірибе мен еңбекке тартуға жәрдемдесу, т.б. біріктіріледі.


Алматы қаласы бойынша Кәсіп­керлер палатасының директоры Бағдат Телебайдың айтуынша, бүгінде Алматы қаласы бойынша 9 кластер жұмыс істейді: жеңіл өнеркәсіпте, азық-түлік, құрылыс саласы, ІT-техноло­гиялар мен басқа да салаларда кластерлер оң нәтиже беріп отыр. Ал осы кластерлерде білім алған мамандарды қайта оқыту қажеттілігі жоқ. Биылғы жылы көлік-логистикалық кластерін ашу жоспарланып отыр. Барлық жұ­мыс Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы арқылы іске асырылып келеді. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша бойынша колледж­дердегі оқу бағдарламасы өзгеріп, олар оқу уақытының 60 пайызын өндірістік тәжірибеге берген.


"Халықты нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі Мемлекет басшысы ұсынған 5 әлеуметтік жоба аясында пайда болды. Шағын несиелеу мүмкіндігін кеңейту шағын бизнес үшін де, микробизнес үшін де өте өзекті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оған тағы қосымша 20 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Бұл қаражатқа 14 мың қазақ­стандық өз кәсібін аша алады. Ірі, орта және шағын бизнесті несиелеу екінші дең­гейлі банктерде бірдей. Жұмысын жаңа­дан бастаған көптеген кәсіпкерлерге кепілдікті қамсыздандыру жетіспей жатады. Екінші деңгейлі банктерде пайыздық үстемелер айтарлықтай жоғары, 19 пайыз­дан басталып, 23 пайызға дейін жетеді. Бұл ретте бизнеске «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы көмек қолын созады. Сондай-ақ, «Алматы Жібек жолы», «Алматы Туризм», «Алматы Өнім» секілді аймақтық бағдарламалар да бар. Бұл бағдар­ламалардың барлығы бойынша кәсіпкерлер инфляция пайызы деңгейінде тек 6-8 пайызын ғана төлейді. Қалғанын ол үшін мемлекет төлеп береді.Осы жылдан бастап мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар бойынша несие берудің ең жоғары сомасы бір қарыз алушы үшін 36 млн. теңгені құрап отыр. Өткен жылы аталған сома 18 млн. теңге болған. Сонымен қатар, жеңілдікпен несие алушылар бағдарламасына қатыса алатын адамдардың тізімі де кеңейтілді. Алматы қаласы бойынша микронесиелеуге өткен жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 3 млрд. теңге бөлінген болатын. Бүгінгі күні оның бәрі толық игерілмеді.Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарла­масына тоқталсам, біздің ойымызша, өзін-өзі жұмыспен қамту процесін тіркеуді барынша жеңілдету қажет, өзінің мемлекет алдындағы міндетін дұрыс атқаруға мүмкіндік жасау керек. Қазақстандықтар елдің кез-келген аймағынан тез жұмыс тауып алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс", дейді Алматы қаласы бойынша Кәсіп­керлер палатасының директоры Бағдат Телебай.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарла­масы бойынша Алматы қаласында 2017 жылы 3004 адам білім алып, оның 2672-сі оқуды аяқтады. Оқуды бітіргендер ішінен 299 адам жұмыспен қамтылса, 242 адам оқуды уақытынан бұрын тоқтатты.


Аталған бағдарламаны жүзеге асыру аясында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының реестріне енгізілген 13 оқу орталығы біріктірілген жүйе құрылған. Олардың ішінен 10 оқу орны бағдарламаға қатысып, 641 адамды оқуға қабылдады. 430 алматылық оқуын тәмамдап, олардың 187-сі кәсіпорынға жұмысқа орналасқан. 243 бітіруші ұсынылған жұмыстан бас тартты.


Алматы қаласы кәсіпкерлер пала­тасы 2017 жылы 1,5 млрд. теңге көлеміндегі мүліктік құқық пен қалалық бизнес мүддесін қорғағаны белгілі.


Бұл мемлекеттік органдар қайтарған, жойылған айыппұлдар, өсімдер, қосынды­лар, бұғаттаудан алынған, сақталған мүліктің құны. Бұл қаражатты кәсіпкерлер компа­нияны дамытуға және қызметкерлер жал­ақысына жұмсай алады. Алматы қаласы бойынша «Атамекенге» бизнес субъекті­лерінен 276 шағым келіп түскен. Оның көпшілігі оң шешімін тапқан. Кәсіпкер­лердің 26 арызы Құқық қорғау кеңесіне жөнелтілген. Оның 19-ының мәселесі шешілген.Үстіміздегі жылдың басынан бастап 30 шағым келіп түсті. Оның 13-і оң шешімін тапқан. 7 шағымға қатысты оң соттық акт шығарылды. Қорғалған құқық сомасы 420,5 млн. теңгені құрайды.



Соңғы уақыттарда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орта­лығы үлкен жұмыстар атқарып жүр. Алматылықтар 2017 жылы 7 мыңнан астам қызмет түрін алған. Оларғатүрлі есеп-қисап түрлерін толтыру, бизнес-жоспар құру, ІT қызмет­терін көрсету, бүгінде нарықта сұранысқа ие бизнес бойынша қолдау алу үшін мем­лекеттік бағдарламаларды таңдау секілді қызмет түрлері көрсетілген. Сонымен қатар, өз ісін ашам деушілерге кеңес берілген. Үстіміздегі жылдың басынан бастап Қыз­мет көрсету орталықтарында кәсіпкер алматылықтар 2 мыңға жуық кеңес алып үлгерген.


2017 жылы Кәсіпкерлер палатасының бизнес мектебінде 1676 адам тегін білім алған. Ал биыл бизнес негіз­дерін 518 алматылық меңгеріп үлгерді. Олардың көпшілігі оқытушыларымен жақсы қарым-қатынас орнатып, тіпті, кейде өз жетістіктерімен бөлісіп тұрады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы 4 клуб бойынша қосымша жұмыс істеп келеді: Есепшілер клубы, Маркетологтар клубы, Franch Day, Dіgіtal marketіng workshop. Барлық кездесулер мен білім беру ақысыз жүргізіледі. Бұл ретте спикерлер есебінде ең үздік эксперттер сөйлейді және шет елдерден өз біліктілігімен бөлісу үшін қонақтар көптеп келеді. Бүгінде кездесулерге келіп, оларды онлайн арқылы тамашалайтындар саны 5 мыңға жетіп отыр.


 Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы ұсынған «Атамекенім» акциясына алматы­лық кәсіпкерлер белсенді қолдау көрсетті. Бұл ретте бизнес­мендер материалдық көмекті балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға, денсаулығында ақауы бар жандарға ұсынды. Акция басталғалы алматылық кәсіпкерлер 100 миллион теңгеден астам қаражат бөліп үлгерді. Тағы бір қуантатыны, Кәсіпкерлер пала­тасы бір кезде бизнесмен болуға көмектескен жандар енді өздері мұқтаж адамдарға көмек қолын созуда.

Айша Нұржанқызы


Көрілген: 6318    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.05.2018, 09:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31