Көші-қон және демография

Бір миллион қазақ Отанына оралуға дайын

  • Бір миллион қазақ Отанына оралуға дайын

    Бір миллион қазақ Отанына оралуға дайын

 Бүгінде шетелдерде тұрып жатқан бір миллион этникалық қазақ өз тарихи отандарына қайтуға дайын. Қазақтардың Қазақстан Республикасына оралғысы келетіні жайлы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков мәлімдеді.

«Біз шетелдерде 4-5 миллион қазақтың тұрып жатқанын айтып жүрміз. Біздің зерттеуімізше дәл қазіргі кезде бір миллион қазақ елімізге оралғысы келеді», -деді ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде өткен жиында.

Зауытбек Тұрысбеков келтірген деректер бойынша, соңғы 27 жылда Қазақстанға шамамен1 млн қазақ оралған.

Қазақстанға қоныс аударушыларға Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданынан 400 га жер дайын тұрған көрінеді. Онда Өзбекстаннан және басқа да елдерден жасы 35-ке дейінгі, қандай да бір мамандығы бар жастар тартылмақ. Бұл жоба елімізде сүт, ет және басқа да өнімдерді өндіруге және оны Ташкент және басқа да нүктелерге жеткізуге мүмкіндік береді.

«Оралмандарға арналған үйлер асарлатып салынады», дейді Тұрысбеков. «Жабылып көтерген жүк жеңіл» демекші, әр отбасы бір-біріне баспана салуға көмектеспек. Оның айтуынша, Қазақстанға бұрынырақта оралғандардың арасында әлі де баспанасыз, тұрпақты жұмыссыз жүргендер бар. Бұл туралы шетелдегі қазақтар жақсы біледі.

Ал Оңтүстік Қазақстанға кейінгі жылдары Өзбекстаннан 20 мыңдай қазақ көшіріліп әкелінген, олардың барлығы баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етілді.

Зауытбек Тұрысбековтың айтуынша, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық 1 282 отбасы астанада қалғысы келген. Нәтижесінде Ақмола облысының Аршалы ауданында жалпы көлемі 200 га жер алынған. Осы жердің құжаттарын рәсімдеуге 2 жылдай уақыт кетіпті. Енді осы жерде 1282 коттедж салу жоспарланып отыр.

«Қазір біз жоспары мен инфрақұрылымын әзірлеудеміз. Міне, 8 өтті, Аршалы ауданының 35 млн теңге таба алмай отыр», - дейді ол.

Ондағы бір шаршы метр $300 болмақ.

«Әдемі, сапалы үйлер салынады. Сондай-ақ теміржол сызығының арғы жағынан 300 га жер алынды, бұл жерге көкөністер егіліп, Нұр-Сұлтан қаласында сатылмақ. Біздің елімізге шетелдерден, әсіресе Өзбекстаннан келетіндер қолынан іс келкетін, қол еңбегін жақсы білетін қандастар», - дейді Тұрысбеков.


Алаш айнасы




Көрілген: 4732    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.07.2019, 23:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31