Әлеумет

Даниал Ахметов кері кеткен көшті дұрыс арнаға бұруды бұйырды

  • Даниал Ахметов кері кеткен көшті дұрыс арнаға бұруды бұйырды

    Даниал Ахметов кері кеткен көшті дұрыс арнаға бұруды бұйырды

 Шығыс Қазақстан облысында еңбек миграциясын реттеу және оралмандарды қабылдау жұмыстарын қарқынды жүргізуді бұйырды облыс әкімі Даниал Ахметов. Өңірде мұндай маңызды мәселеге салғырт қарамау керектігін әкім баса ескертті. 


2017-2021 жылдарға есептелген Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі стратегиялық мақсаттары еліміздің өңірлерінің демографиялық және экономикалық теңгерімділігін жақсарту; уақытша және ұзақ мерзімді көші-қонды пайдалану негізінде білікті мамандардың ашық нарығын қалыптастыру; көші-қонмен байланысты қауіп-қатерлер тұрғысынан елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып айқындалды.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды реттеу басқармасының басшысы Елена Старенкованың айтуынша, қоныс аударушыларды қабылдауға жауапты аудандардың сылбырлығы көшті тежеп тұрған көрінеді. 


«Өнімді жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында Шығыс Қазақстанға биыл 714 отбасы көшіп келуі тиіс. Облысқа бөлінген квотаның 364-і Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарынан қоныс аударушыларға бөлінсе, қалған 350-і шетелдік қандастардың отбасыларына арналған. Сегіз айдың ішінде аталмыш квота 36,2 пайызға ғана орындалған. 


«Әсіресе, Семей және Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Зайсан, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандары белгіленген квотаны игермей отыр» – деді Елена Старенкова.


Даниал Ахметов басқарма басшысына осы мәселені жылдамдатып қола алуды тапсырды. 


«Ең алдымен жұмыс істеу тәсілін өзгерту керек. Бөлінген квотаның нақты қандай ауылдық округке берілгенін анықтап алған жөн. Көші-қон дегеніңіз – мемлекеттік мәселе. Мәселен, Катонқарағай ауданында жыл сайын халық азаюда. Ал біз бөлінген квотаның өзін игере алмай отырмыз. Ауылды дамытуға бөлінген 3,5 млрд теңгенің несиесін 30 пайызы ғана игергерілген. Игере алмайды екенсіздер, сол ақшаны көшіп келетін отбасыларға бағыттаңыздар. Онсыз да ел ауылдан үдере көшуде. Ал біз қол қусырып, қарап отырмыз. Аталмыш квота Глубокое, Шемонаиха, Зырян аудандары мен Риддер қаласында көптеп бөлінуі тиіс. Немқұрайлылықты қойып, осы бағытта жұмыс істеңіз» – деді аймақ басшысы.


Кері кеткен көшті дұрыс арнаға бұру үшін енді әр аудандағы бос үйлердің тізімі жасалып, оны мемлекет меншігіне сатып алу және жөндеу жұмыстары ұйымдастырылмақ. Содан кейін ғана әр ауданға бос үйлердің санына байланысты квота бөлінетін болады. Ал көшіп келген отбасыларды жұмыспен қамту үшін мемлекеттік жер қорынан егіндік пен жайылым телімдері бөлінеді. Шағын несие арқылы мал сатып алуға да жол ашылмақ.


«Шетелден қандастарды шақыру жеткіліксіз. Шақырған екенбіз, дұрыс жағдай жасалуы тиіс. Тұратын баспанасы, бала-шағасын асырайтын кәсібі, жайылым мен егіндік жері болуы тиіс. Ал өзге өңірлерден келетін отбасыларды көшіріп алу үшін Тарбағатай ауданының тәжірибесін пайдалануға болады. Көшіп келетін жанұяның әрқайсымен жеке танысып, жұмыс істеуге ниеті бар адамдарды бірінші кезекте әкелу қажет» – деді Даниал Ахметов.


 


Айым Нұр 




Көрілген: 821    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.09.2018, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31