Әлеумет

Елімізде «Еңбек шартын рәсімдеу» шарасы өтуде

  • Елімізде «Еңбек шартын рәсімдеу» шарасы өтуде

    Елімізде «Еңбек шартын рәсімдеу» шарасы өтуде

 Алматылық Еңбек инспекциясы өзін-өзі жұмыспен қамтыған 13 мыңнан аса азаматқа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандар оларға еңбек заңнамасын түсіндіріп, жұмысқа орналасарда келісім-шарттың жасалуын міндеттеді. Өйткені, өз бетінше табыс тауып жүргендер бейнетінің зейнетін көрер шақта, тіпті мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерден қағылуы мүмкін. Алайда, еркін жұмыскерлер өз статустарын жариялағысы жоқ.


Үй-үйді аралаған инспекторларға мыңға жуық адам тұрақты жұмысы барын мәлімдеп, жалған ақпарат беріпті. Жұмыс берушілер тарапынан да заңбұзушылық анықталған. Жыл басынан бері 10 жұмыс беруші еңбек заңнамасын сақтамай, тиісті келісім-шарт жасамағаны үшін 1,5 миллион теңге айыппұл арқалаған.


«Инспекторларымыз тұрғындармен кездесу барысында анықталғандай, 6 мыңға жуығы толық жұмыс орны туралы мәлімет берсе, қалғандары тек жұмыс істейтінін айтқан немесе толық емес ақпарат берген. Яғни, көрсеткен мекенжайында мекеменің мүлдем жоқ екені анықталған. Осы ретте біз азаматтарға еңбек шарты мен еңбек заңнамасы туралы түсіндірдік. Қазіргі таңда 113 жұмысшымен келісім-шарт орнатылды. Ал 1205 мекеме мыңға жуық адамның өздерінде жұмыс істейтінін жоққа шығарды», – деді Алматы қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Талғат РАЗАҚОВ.


Айта кетейік, қазір ел көлемінде республикалық «Еңбек шартын рәсімдеу» шарасы өтуде. Акция барысында 200-ден астам жұмыс беруші 904 адаммен еңбек шартын жасасқан.




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.09.2018, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31