Көші-қон және демография

Еліміздегі еңбек мигранттарының мәселесін шешуге нақты жоспар қажет

  • Еліміздегі еңбек мигранттарының мәселесін шешуге нақты жоспар қажет

    Еліміздегі еңбек мигранттарының мәселесін шешуге нақты жоспар қажет

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан мигранттар үшін транзитті мемлекет қана болатын. Кейінгі жылдары еліміз мигранттарды қабылдайтын елге айналып үлгерді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында еңбек мигранттарының саны бойынша ресейліктер мен қырғыз елінің азаматтары көш басында тұр. Артынша Армения мен Беларусь Республикасы. Мәселен, өткен жылғы есеп бойынша Қазақстанда 25 мыңға жуық ресейлік қызмет еткен.

Еңбек мигранттарының көбі лажы болса, Ресейге өткісі келеді, бірақ қазір ол жаққа өту үшін шекарада қатты тексереді, қара тізімге енгендерді мүлде жолатпайды. Сондықтан Ресейге өте алмағандардың біраз Қазақстанда қалып қояды. Олардың арасында елімізде заңсыз жүретіндер де жоқ емес. Мұндай жағдайда осы саланың мамандары оларды елдеріне заңды түрде қайтаруға тырысады. Біздің елімізе негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан мигранттар көп келеді. Сарапшылардың айтуынша, кейінгі жылдары еңбек миграциясына әйелдер көп аттанатын болған. Мысалы, Қырғызстан, осыдан үш жыл бұрын мигранттардың үштен бір бөлігі әйелдер болса, қазір жартысы әйелдер. Ауылдық жерлердегі жұмыссыздықтың салдарынан әйелдер де табыс іздеп кетеді. Кейбірі тіпті баласын тастайтын ешкім болмаған соң өздерісен алып жүретіндері де бар.

Өз еліміздегі өңірлерден болсын, шетелдерден болсын жұмыс іздеп келетіндердің басым бөдігі Алматыға келетіні баршаға аян. Кейінгі кезде Алматыға рұқсатсыз келетін шетелдік азаматтар көбейген. Қалалық көші-қон полициясы жыл басынан бері үш рет «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Осы уақыт аралағында 1024 көші-қон заңнамасын бұзу дәйегі анықталған. Мигранттардың көбі еліміздегі «Көші-қон туралы» заңға сәйкес еңбек етіп жүрген жоқ. Мысалы, өткен жылы қалада 57 507 шетел азаматына уақытша жұмыс істеуге рұқсат берілсе, 41 567-сі заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылған. «Егер мигранттар ресми тіркеліп, заң аясында еңбек ететін болса, қала бюджетіне де қомақты қаржы түсер еді», – дейді тәртіп сақшылары.
Қалалық көші-қон басқармасы басшысының орынбасары Асхат Бұтыншиновтың айтуынша, Алматы қаласының Алғабас-1 ықшамауданында еңбек мигранттарына жеке тұлғаларға еңбек жасау үшін рұқсат беру көші-қон қызметі орталығы жұмыс істеп жатыр. "2018 жылы сол көші-қон қызметі орталығында 57 мың 507 шетел азаматына рұқсат қағаздары берілген болатын. Сол 57 мыңнан Алматы қаласының бюджетіне рұқсат берілгеннен кейін 792 миллион теңге ақша түсірілді", – дейді ол.
Жеке тұлғалар шетел азаматын жұмысқа жалдайтын болса, оны 5 күннің ішінде тіркеуі тиіс. Ал көлеңкелі экономиканың дамуына жол беріп отырғандар тек қана шетелдік мигранттар емес, олардың арасында өзіміздің жұмыс берушілер де бар дейді мамандар. 2018 жылы 433 Қазақстан азаматы мигранттарды заңсыз жұмысқа алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жуырда «Шұғыла» шағынауданында болған тексеріс кезінде де біраз заңбұзушылықтар анықталған. Мамандардың мәліметінше, осы күнге дейін көші-қон заңнамасын бұзған 1 мың 24 факті тіркеліп, 315 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды.

Ендігі мәселе, ел өңірлері арасындағы теңсіздікті қысқартуға нақты жоспар қажет. Халықаралық көші-қон ұйымының сарапшылары Қазақстандағы интеграциялық қызметтер негізінен ішкі мигранттарға және этникалық қазақтарға бағытталғанын айтады. Сарапшылардың пікірінше, ендігі жерде еңбек мигранттарына қатысты бірқатар мәселелерді ретке келтіру қажет. Мамандар көшіп келушілер мен жергілікті тұрғындар арасында кикілжіңді болдырмау, сегрегацияның қалыптасуына жол бермеуді әуел бастан қаланы жоспарлауда ескерілу керек дейді. Тіпті көлік желісін жоспарлағанда да мұны естен шығармаған жөн дегенді алға тартты мамандар.


Алаш айнасы




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 00:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30