Көші-қон және демография

Еңбек етуге ештеңе кедергі емес

  • Еңбек етуге ештеңе кедергі емес

    Еңбек етуге ештеңе кедергі емес

 Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы­ның мамандары Алматы қаласы Медеу ауданы Наркологиялық диспансерінің Бейімдеу орталы­ғында ұзақ мерзімге емделуші адамдар арасында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


 


Бұл бағдарлама еңбек нарығында кәсіптік дағдысы мен біліктілігі талап етілген, жаппай кәсіп­керлікті дамыту, халықтың әлеуметтік тұрғы­дан әлсіз тобын қолдаумен қатар, халықтың әлеуметтік еңбек делдалдығының тиімді моделін құрудың тиімді жүйесін құруға бағытталған.


Осы мақсатта Алматы қаласында келесі бағыттар іске асырылады:


– Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;


– жаппай кәсіпкерлікті дамыту;


– халықты жұмыспен қамтуға әсер ету мен еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.


Осы мақсатта жұмыспен қамту орталығы мамандары тарапынан жұмыс іздеушілерге, жұмыс­сыздар мен Жұмыспен қамту орталығына келген, басқа да тұлға­ларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңес беру қызметтері көрсетіледі. Сонымен бірге, маман­дық таңдауда, лайықты бос жұмыс орындар іздеуде көмектер көрсетіледі және жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Лайықты жұмыс таппаған тұлға­ларға әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға бағыттар беріледі.


Азаматтарды жұмыспен қамтуда жәрдем­десудің белсенді шараларын көрсету мәселелеріне – кәсіптік оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға ерекше назар аударылды.


Осыған орай, орталықта ұзақ уақыт емделіп жатқан азаматтардың Жұмыспен қамту орталы­ғы­ның мамандарына қояр сауалдары аз болған жоқ.


Кездесу барысында емделу курстарынан өткеннен кейін, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша Жұмыспен қамту орталығына келу үшін, орталықтың байланыстары көрсетілген кітапшалар мен жадынамалар таратылды.


 


Күлзинат МЕЙІРБЕКОВА,


Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының маманы




Көрілген: 5497    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 17:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30