Көші-қон және демография

Еңбек мәртебесі жоқ азаматтардың мәселесін шешу қолға алынды

  • Еңбек мәртебесі жоқ азаматтардың мәселесін шешу қолға алынды

    Еңбек мәртебесі жоқ азаматтардың мәселесін шешу қолға алынды

Таяуда Астанада «Өзін өзі жұмыспен қамтыған және бейресми жұмыспен қамтылған халықты формализациялау: қажетті заңнамалық шаралар» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде өзекті мәселелер талқыланды. Осы жиынға халықаралық, үкіметтік емес ұйым­дардың жетекшілері, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері, мемле­кеттік органдар мен әлеуметтік қорлар­дың басшылары қатысқан болатын. Дөңгелек үстелді Еңбек және әлеуметтік қорғау минис­трі Мәдина Әбілқасымова жүргізді. Министр бүгінде елімізде 2 мил­лион 40 мың адам өзін өзі жұмыс­пен қамтығандар санатына жататы­нын, ал 1 миллион 800 мың адам­ның әлі күнге еңбек мәртебесі анық­талма­ған­дығын, осы бағытта тиісті жұ­мыстардың қолға алынғанын айтып өтті.


«Қазіргі уақытта өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жұмыспен қамтуды ресімдеу туралы заң жобасы әзірленді. Заң жобасы аясында бірың­ғай жиынтық төлем енгізу жоспарланып отыр. Біздің мақсатымыз – өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар әлеу­меттік тұрғыдан қорға­лып, мемлекет тарапынан көрсе­тілетін көмектерге қол жеткізсе дей­міз», деді М.Әбілқасымова. Дөң­­гелек үстелде сөз алған Еңбек жә­не әлеуметтік қорғау министрінің орын­­басары Нұржан Әлтаев жаңадан әзір­ленген заң жобасындағы жеңіл­діктерге тоқталды. Вице-министр заң жобасы шеңберінде енгізілмек бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тіркеуді жеңілдетіп, кедергілерді азайтуға бағытталатынын тілге тиек етті. «БЖТ ең алдымен бейрес­ми өзін өзі жұмыспен қамтыған азамат­ты өз қызметі туралы хабардар етеді. Екіншіден, жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік төлемдерді және медициналық сақтандыруды төлейтін бірден бір құрал болады», деді ол. Мемлекет тарапынан қолға алынған әртүрлі шараларға қарамастан өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны азаймай отырған өңірлер де бар. Жиында сөз сөйлеген Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Құлекеев Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүр­гізілген зерттеу қорытындысын жа­рия етіп, еліміздегі өзін өзі жұ­мыс­пен қамтыған тұрғындардың 51 проценті осы өңірлерге тиесілі екен­дігін айтты. Және аталған төрт облыстың 2800 тұрғыны (өзін өзі жұмыспен қамтығандар) арасында сауал­дама жүргізіліп, нәтижесінде олар­дың 61 проценті ресми тіркелмегені анық­­талғандығын алға тартты. Сон­дай-ақ еліміздегі өзін өзі жұ­мыспен қамтыған азаматтардың үштен бірі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі екендігін, осы өңірдегі ауыл тұрғындарының 81 проценті атал­ған топқа жататындығына алаң­даушылығын білдіріп, мемлекет тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керектігін атап өтті.


"Алаш айнасы"




Көрілген: 5748    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 01:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30