Көші-қон және демография

Енді емханалар қағазсыз жұмыс істейді

  • Енді емханалар қағазсыз жұмыс істейді

    Енді емханалар қағазсыз жұмыс істейді

2020 жылға дейінгі «Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасы логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда-саттық сынды бірнеше бағытты қамтиды.

Елбасының «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» және биылғы жылы қабыл­даған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты Жолдау­ла­рында ақпараттық жүйе­лерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосым­шаларды қолдану, электрон­дық денсау­лық паспортын енгізу, қағаз қолданбайтын ауруханаға көшу арқылы медициналық көмек­тік қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттілігін атап айтқан болатын.


Президенттің бұл тапсыр­масы қазіргі таңда Алматы қала­сындағы емдеу мекемелерінде қызу қолдау тауып, қаланың денсаулық сақтау салалары бірыңғай ақпарат­тық жүйеге көшу жұмыс­тарын белсен­ділікпен қолға алып, ақпа­рат­тандыру жүйесіне қажетті құрал-жабдықтарды орналастыру үстінде. Бұл іс-шара Алмалы ауданына қарасты №8 қалалық емхана ұжы­мында да ұйымшыл­дықпен қолға алынуда. Алматы қаласы­ның «Алма­ты –2020» даму бағдар­ламасындағы «Дені сау қала» бағытымен үндескен бұл игі істі жүзеге асыру мақса­тында 1 миллиард теңге бөлініп, 6 мың дана компьютер сатып алынған бола­тын. Қалалық денсаулық сақтау басқар­масы қазіргі таңда әр емдеу меке­месін тиісті жабдықтармен қамта­масыз етіп, бірыңғай ақпарттық жүйелері құрылу үстінде.


– Қазір денсаулық сақтау саласы біртіндеп электронды жүйеге көше баста­ғаны белгілі. Электронды тіркелу, элек­тронды кезек, дәрігерге алдын-ала жазы­лу, дәрігерлік анық­тамаларды элек­тронды түрде беру жұмыстары бүгінде жақсы жолға қойылған. Ал енді денсау­лық сақ­тау саласы толық бірыңғай ақпа­ра­ттық жүйеге көшкен кезде қағазсыз жұмыс істеу мүмкін­дігіне ие боламыз. Ол, ең алдымен, дәрігерле­ріміздің еңбек өнімділігін арттырып, науқасқа жеткілікті көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Емделу­ші үшін де тиімді болмақ. Әр науқас өзінің жеке кабинеті немесе «Damymed» жүйе­сі арқылы алдын-ала дәрігердің қабылдауына жазылып, ақыл-кеңес алып, өзіне тағайындалған дәрі-дәрмектер мен емдік шараларымен танысып, еңбекке жарамсыздығы жөніндегі қағазының көшір­месін де электронды тәсіл арқылы алатын болады. Бұл жүйенің тағы бір артық­шылы­ғы – ондағы «Беймаза нүкте» жүйесі арқылы жүкті және бес жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдер кез-келген уақытта осы жүйеге хабарлама жіберіп, өзіне және сәбиінің денсау­лығына байла­нысты қажетті дәрігерлік кеңес алып, дәрігерге жолдама немесе онлайн дәрігерлік тағайындау алула­рына болады. Әр науқастың элек­тронды паспорты жасалады. Ол арқылы науқас өзінің денсаулығын қадағалап отыруға мүмкіндік алады. Бұл біздің көптен күткен жаңалы­ғымыз еді. Қолы қағаздан босаған дәрігерлердің науқас­пен көбірек жұмыс істеулеріне, аурудың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндіктері көп болады, – дейді №8 қалалық емха­наның бас дәрігері Фарида Ағыбаева.


Қаламыздағы денсаулық сақтау салаларындағы бірыңғай ақпарат­тық жүйеге көшу жұмыстары қараша айында толық аяқталып, келер жылдан бастап емханалар тек сандық техноло­гиялар негі­зінде жұмыс істемек.




Көрілген: 4879    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 19:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31