Көші-қон және демография

Этникалық қазақтарға азаматтық алу жеңілдетілді

  • Этникалық қазақтарға азаматтық алу жеңілдетілді

    Этникалық қазақтарға азаматтық алу жеңілдетілді

Елімізде этникалық қазақтарға Қазақстан азаматтығын алу біршама жеңілдейді. Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен беру құқығын көздейтін заң жобасы биылғы мамыр айында Мәжіліс қарауына енгізілген еді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.


Көші-қон саласындағы мәселелерді кешенді шешу мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Рес-публикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2018 жылғы 16 қарашадағы 466-отырысында жоба мақұлданған болатын.

«Аталған тұжырымдамада Қазақстан Республикасына келген этникалық репатрианттарға қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде оралман мәртебесі жоқ немесе тоқтатылған этникалық қазақтарға Қазақстанда тұрған мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқық беру көзделген. Жоғарыда аталған заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2019 жылғы мамыр айында енгізу жоспарланған», – деді Бақытжан Сағытаев.

Нақтырақ айтқанда, бұған дейін мигранттар егер әкімшілік жауапкершілікке тартылған болса, егер олар көші-қон, салық төлеу және еңбек заңдарын (ҚР Көші-қон туралы Заңының 49 бабы, 14-і бөлімі) бұзған болса, олардың азаматтық алуына, елде тұрақты тұруына рұқсат етілмейтін. Енді осы талап оралмандарға қолданылмайтын болды.

"Заң жобасында жоғарыда көрсетілген норма этникалық қазақтарға қатысты болмайды. Яғни, осы заң жобасы қабылданғаннан кейін этникалық қазақтар бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған болса да, салық және еңбек заңын бұзған болса да олардың тұрақты тұруға ықтиярхат алуына, азаматтық алуларына мүмкіндік беріледі", – дейді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер.

Сондай-ақ «ҚР Көші-қон туралы» Заңының 20 бабы, 10 бөліміне сәйкес, этникалық қазақтарға тұрақты тұруға ықтиярхат алу үшін алдымен оралман мәртебесін алуы керек болатын, жаңа нұсқа бойынша құжаттарды рәсімдеу еркін жүргізіледі. Демек, аталған заң жобасы қабылданғаннан кейін этникалық қазақтар оралманның куәлігін немесе тұрақты тұру ықтиярхаттың қайсысын бірінші алғысы келсе, өз еркі.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1991-2019 жылдар аралығында тарихи отандарына оралып, оралман мәртебесін 304 839 отбасы немесе 1 042 589 адам алған.

Еңбекке қабілетті жастағылары – 56,3%, 18 жасқа дейінгі балалар – 39% және зейнеткерлер – 4,7%.

Оралмандар өз қалауы бойынша еліміздің кез келген өңіріне қоныстана алады. Алайда квотаны Үкімет бекіткен облыстарға қоныстанғандары ғана ала алады. Квотада бір реттік төленетін жәрдем қарастырылған, көлемі отбасындағы адам басына 35 АЕК (88 375 теңге), сондай-ақ білім ошақтарына түсуге жеңілдіктер, басқа да көптеген көмект

2014 Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылдың 20 наурызында № 248 "Оралмандар қоныстырылатын өңірлерді анықтау" туралы қаулысында Нұр-Сұлтан мен Алматыдан басқа 14 облысты атады.

2019 жылы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен оралмандарды қоныстандыруға 5 облыс белгіленді, олар: Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан, Павлодлар, Солтүстік Қазақстан.


Алаш айнасы


 




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 18:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30