Халық санағы не үшін қажет?

Халық санағы не үшін қажет?

Жер ғаламшарының негізгі байлығы – адам. Қай мемлекеттің демографилық ахуалы жақсы, демек сол елдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы тұрақты, жұмыс күші басым деген сөз. Яғни, саннан сапа шығады. Сондықтан көптеген мемлекеттер халық санының артуына барынша күш салады. Біздің еліміз де ықылым заманнан бері қайтсек санымызды арттырамыз деп, болашағына алаңдаумен келеді. Әр санақ сайын халқымыздың санының өскенін білудің өзі бір бақыт. Санақ не үшін керек десеңіз, мемлекет елдегі халық санын, этникалық құрамын дәл білуі үшін, халықтың тұрмысын зерттеу үшін, бұрынғы есептермен салыстырып, өзгеру серпініне талдау жасайды. Санақ нәтижесі бұдан кейінгі есептерге, алдағы жылдарға жоспар, болжам жасау үшін аса маңызды.

Қазақстандағы кезекті санақ 2019 жылдың күз айларына жоспарланған. Санақ жүргізуге мемлекеттен 8,8 млрд теңге жұмсалады. Оның 3,3 млрд теңгесі санақ жүргізушілердің қызмет ақысына; 1,9 млрд теңгесі қуаттау құрылғыларын, тысқабымен планшеттер сатып алуға жұмсалмақ, ал 1 млрд теңгесі "е-Статистика" біріктірілген ақпараттық жүйесін түзетуге, оның ішінде халықтың ұлттық санағын жүргізу бойынша модулін жасақтауға; 2,6 млрд теңгесі жұмыс бекеттеріне, көп атқарымдық құрылғыларды, жиһаздар, кеңсе тауарларын сатып алуға, іссапар шығындарына, ғимарат және көлік құралдарын жалдау қызметтеріне, санақ бойынша статистикалық деректерді өңдеуге, полиграфия және басқа да қызметтердің ақысына жұмсалады екен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, санақ жүргізу үшін ақылы қызмет келісім-шартымен 30 мыңға жуық уақытша қызметшілерді (нұсқаушы-бақылаушылар) 1-ші кезеңнің санақ жүргізушілерін (тіркеушілер), 2-ші кезеңнің сұхбатшыларын (санақ жүргізушілерілерін) жұмысқа алу керек. Оларға орындалған жұмыстар актісі негізінде 1 айға 72 143 теңгеге дейін, 1,5 айға 108 214 теңге көлемінде ақы төленетін болады. Елімізде халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі, соңғысы 2009 жылы өткізілді. Санақ көптеген мемлекеттерде өтіп тұрады, кейбірінде 5 жылда, кейбірінде 10 жылда бір өтеді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда халық саны 1 млн 27 мыңға өскен. Халықтың этникалық құрамы да өзгерген. Қазақтар саны 26% , өзбектер 23%, ұйғырлар 6,8% өскен, ал орыс, неміс, украиндар мен басқа да этностардың саны керісінше 15,3% , 49,5%, 39,1% және 4,8%-азайған.
2019 жылы санақ қағаздарында: мекен-жай, баспана жағдайы, этно-мәдени сипат, білім мен сауат, көші-қон, неке, туу, жұмыспен қамтылу, күнкөріс көзіне қатысты қарапайым сауалдар болады.
2019 жылы сауалдарға БҰҰ Статкомиссиясының, Еуростат, БҰҰ ЕЭК, ТМД статкомитеті ұсынған төмендегі сұрақтар қосылады: санақ жүргізген кездегі респонденттің тұрғылықты жері; тіршілік әрекетіне шектеулер (көру мен есту, жүру, есте сақтау және/немесе зейін қою қиындықтары); ҚР аумағына уақытша тұрушының қай елден келгені; келудегі мақсаты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халық санағы кезінде алынған деректер аса құпия сақталады. Санақта сандық жүйе де қолданылады. Бланктерді халық онлайн түрде толтыра алады. Қазірдің өзінде ұлттық санақтың екі кезеңде өтетіні белгілі болды. Бірінші кезеңде санақ алушылар барлық тұрғын үйлерді аралайды. Аралау нәтижесі бойынша есеп учаскелеріне бөледі. Екінші кезеңде веб-сайттарда халықтан интернет-сауалдар алынады. Бір уақытта қарашаның аралығында санақ алушылар планшет компьютерлерін қолдана отырып, халыққа жаппай сауалдар жолдайды.

Қазақстанның барлық азаматтары, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандар да, шет елде тұратындар да (шетелде уақытша немесе тұрақты тұратындар), елімізде уақытша немесе тұрақты түрде тұратын шетел азаматтары да санаққа қатысады. «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР заңына, «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» Үкімет Қаулысына, сондай-ақ әлемдік деректермен салыстырмалылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда халық санағы он жылда бір рет жүргізіледі. «Тәуелсіздік алған соң Қазақстанда халық санағы 1999 және 2009 жылдары екі рет өткізілді. 1999 жылғы санақтың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың саны 14 981 281 адамды, ал 2009 жылғы өткізілген санақ нәтижесі бойынша 16 009 597 адамды құрады», 2015 жылғы маусымда БҰҰ 2020 жылы халық санағының кезекті раундын жүргізу керектігін жариялаған. БҰҰ ұсынымын назарға ала отырып, Бішкекте ТМД Мемлекеттерінің Басшылары Кеңесінің 2016 жылғы отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде кезекті халық санағын 2020 жылға барынша оңтайлы мерзімде - 2019 жылғы қазаннан бастап 2020 жылғы қазанды қоса алғанда жүргізу туралы шешім қабылданған. «Осыған байланысты Қазақстанда кезекті халық санағын өткізу 2019 жылдың қараша айына жоспарланған. Соңғы онжылдықтағы халық санағын жүргізу практикасы оларды ұйымдастыру және жүргізу үшін әдіснамалық тәсілдердің сапалы өзгерістерді қажет ететіндігін көрсетті. Елімізде санағыш құрылғыларды (сканерлер) пайдалана отырып толығымен қағаз түріндегі формулярлар арқылы жүргізілген алдыңғы санақтарға қарағанда, 2019 жылғы халық санағы дамыған елдер арасында алғашқылардың бірі болып технологиялық инновацияларды, атап айтқанда, интернет желісі арқылы және портативті-есептеуіш құрылғыларды (планшетті компьютер) пайдалана отырып, дәстүрлі әдіспен өткізу жоспарланған. Кезекті халық санағын ҚР ҰЭМ Статистика комитеті еуропалық статистиктер конференциясының және халықаралық ұйымдардың зерделенген ұсыныстарын ескере отырып өткізуді жоспарлауда. Нақтырақ айтқанда 2019 жылғы халық санағы: 1-П «Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі»; 2-Ж «Тұрғын үй жағдайлары»; 3-И «Жеке»; 4-В «Қазақстан Республикасының аумағында уақытша, 12 айдан кем тұратындар» (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар; тұрақты негізде шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары) санақ парақтары арқылы жүргізілетін болады. Аталған санақ парақтарының жобасы қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік мекемелермен талқылау сатысында. Осыдан кейін санақ парақтары қоғамдық талқылауға ұсынылмақ.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста