Көші-қон және демография

Жұмыс көп, жұмыссыздар да жоқ емес, ал кәсіби мамандар тапшы...

  • Жұмыс көп, жұмыссыздар да жоқ емес, ал кәсіби мамандар тапшы...

    Жұмыс көп, жұмыссыздар да жоқ емес, ал кәсіби мамандар тапшы...

 Қазіргі заманда жұмыссыз жүру ешкімге де абырой әкелмейді. Жұмыс жоқ болса, табыссыз қалатының анық. Қысқасы, күнделікті жұмысыңмен айналысатын, бар ынта-жігеріңді жұмсайтын еңбек орнының болғанына не жетсін?! Жаңа заманның жастары жұмысты жиі ауыстыратынын да айта кеткеніміз жөн. Олар тұрақсыз келеді деуге де болмайды. Дегенмен қазір адамдар да бұрынғыдай бір жерде ұзақ уақыт жұмыс істей бермейді. Жиі болмаса да белгілі бір мерзімнен соң жұмыс орнын ауыстыруды ешкім теріс санамайды бұл күнде. Бір жұмыспен, аз жалақымен күн көру де қиын.


Жұмыссыздық, соның ішінде жастар жұмыссыздығы шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелердің біріне айналды. Әсіресе, Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Экономикалық дағдарыс кезеңінде жастар, көбінесе, халықтың осал тобына қосылады. Расында, экономикалық өсім құлдыраған кезде жастар дағдарыстың әсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен бірге, экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда, әсіресе жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды. Тағы бір айта кетер жайт, жоғары оқу орнын бітірген жастардың бірден жұмысқа орналасып кетуі де қиын болып тұр. Қолында дипломы болғанымен, тәжірибенің жоқтығы оларға үлкен кедергі келтіруде. Сонымен қатар еліміздегі түрлі компаниялардағы жұмыс орнының қысқаруына байланысты да жұмыссыз жастар санының көбеюі де белең алуда. Articlekz.com сайтының мәліметіне сүйенер болсақ, бұдан 5 жыл бұрын яғни, 2013 жылы жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 488,1 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,4 %-ды құраған екен. Яғни, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы қаңтар айының соңына 47,9 мың адам («Жұмыспен қамту бағдарламасы – 2020» қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5 пайызын құраған. Ал 2016 жылдың үшінші тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі 4,6%-ға азайса, 2017 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі Қазақстанның 16 өңірінің жетеуінде біршама төмендеген. 2018 жылғы статистикаға бойынша, Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайызға қысқарған. Бұл әлі де болса, елімізде 82 мың жас жұмыссыз жүр дегенді білдіреді. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың қысқаруын жалдамалы жұмысшылар санының 3,1 пайызға өсіп, 1,5-тен 1 млн 600 адамға артуымен байланыстыруға болады. Бүгінде жұмыспен қамтылған халық саны 0,4 пайызға немесе 8600 адамға артқан. Сондай-ақ жұмысшы күші құрамына кірмейтін тұлғалар саны 3,5 пайызға, 1,36 млн адамға қысқарған. 2012-2017 жылдары кезеңінде 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз халық саны 5,4-тен 3,9 пайызға дейін азайғаны әзірге көңілге медеу болып тұр. 2018 жылдың екі тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздегі жастар бойынша 82 мың адам жұмыссыз жүр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 4,8 пайызға аз. Өткен жылдың екі тоқсанында елімізде 86 мың жас жұмыссыз жүрген еді. Айта кетейік, жұмыссыз жастардың басым бөлігі – Алматы қаласында. Нақты саны – 15 500 адам. Бұл 15-28 жас аралығында жұмыссыз халықтың 18,8 пайызын құрайды. Одан кейінгі орында Түркістан облысы тұр. Бұл өңірде жұмыссыз ретінде 8 700 адам тіркелген. 7200 жұмыссыз жасы бар Қарағанды облысы үшінші орынға жайғасқан. Жұмыссыз жастары аз өңір Солтүстік Қазақстан облысы саналады. Бұл өңірде тұрақты жұмысқа орналаспаған 1500 адам бар. Жалпы, еліміздің жастарының көтерме және бөлшек сауда, автомобиль мен мотоцикл жөндеу салаларына қызығушылығы басым. Аталған салаларда елімізде жұмыс істейтін жастар 16,5% құрайды. Жастар арасында танымалдыққа ауыл, орман және балық шаруашылығы ие. Бұл салаларда 276 мың жас жұмыс істейді. Білім саласында еңбек етіп жүрген жастардың саны 229 мың адамды құраса, өнеркәсіпте 221 жас тер төгуде. Сонымен қатар құрылыс саласында да жұмыс істейтін жастардың қарасы қалың. Бұл салада 149 мың жас еңбек етіп жүр. Иә, жұмыссыздық – қоғам өміріне тән құбылыс. Әлем елдерінің қайсысын алып қарасаңыз да, тіпті өркениетті елдердің өзінде жұмыс таппай, сеңделіп жүрген жастар саны аз емес. Бұл бүкілғаламдық тенденция десек те болады. Өйткені жұмыссыздық – нарықтық экономиканың бірден бір көрінісі. Бастысы, жастардың еңбек етуге құлшынысын жоғалтпасақ болғаны.


Негізі жұмыссыздық жай­лап тұрмаса да, бар екені сезіледі. Өкініштісі, кәсіби мамандарға тапшымыз. Кәсіпке араласқалы жұмыс бойынша біраз адаммен кез­дестім. Берген тасырманы дөңгелетіп алып кететін адам­дардың саны аз. Соған қарап отырып, жұмыссыз­дық мәселесі тек жаңа жұмыс орындарының ашылуымен шешіле қой­майтынын аңғаруға болады. Қайта сол жұмыс іздеуші азаматтардың сауаттылығы мен жауап­кершілігін арттыратын шаруалар, бағдарламалар керек сияқты. Әйтпесе, білікті маманға кез келген жерде орын бар.


 




Көрілген: 1211    Пікірлер: 0

сенбі, 06.10.2018, 13:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30