Әлеумет

Жыл басынан бері 100-ге жуық адам жеке кәсіпкер атанды

  • Жыл басынан бері 100-ге жуық адам жеке кәсіпкер атанды

    Жыл басынан бері 100-ге жуық адам жеке кәсіпкер атанды

 Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі. «Екі қолына бір күрек» табылып, үнемі еңбек етіп жүрген адамның өзіне де, еліне де тигізер пайдасы зор. Халқының әл-ауқаты жақсы елде адам ресурсы да артады, болашағы да жарқын болады. Осы орайда елемізде қабылданған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға бағытталып, азаматтардың табысын арттыруды көздейді. Әсіресе мұндай бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуді мақсат етеді. Ал «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі азаматтардың жеке ісін бастауына мүмкіндік жасаудың маңыздылығын алға тартады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2016 жылдың соңында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы әзірленген болатын. Ал биыл осы бағдарламаны іске асыруға 106,9 млрд теңге қарастырылыпты. Биылғы жылдың 1 мамырындағы көрсеткіштер бойынша бағдарламаға еліміз бойынша 160 500 адам қатысқан, олардың 95 900-і жұмыссыздар (59,7%), ал өзін-өзі жұ¬мыспен қамтығандар – 10 800 адам (6,7%).

Бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыс үш негізгі бағыт бо-йынша жүргізілуде. Бірінші «Техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКББ) және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағыт аясында былтырдан бері ТжКББ бойынша 20 776 адам оқуын жалғастыруда. Бағдарламаға қатысушылар стипендиямен, бір реттік ыстық тамақпен және жол жүру ақысымен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері 37 249 адамның 16 896-сы еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілген. Екінші «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында алғашқы төрт айда 290 шағын несие беріліп, олардың 62-сі ауыл тұрғындары арасында, 228-і қала халқы арасында бөлінген. Барлығы 98 адам стартап-жобалар құрып, жеке ашып, кәсіпкер атанды. Сондай-ақ «Бастау-Бизнес» жобасы аясында алғаш рет өз биз¬несін бастап жатқан азаматтар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл 7347 қатысушы оқуға жіберілді. Үшінші бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту».


2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бос жұмыс орындарына 71 325 адам жұмысқа орналастырылды. 14 564 азаматқа әлеуметтік жұмыс орындары берілді, бұл жоспарды 86,6%-ға орындауға мүмкіндік берді (мақсатты көрсеткіш – 16 806). Бұл санатта 4324 адамды қамтыған Оңтүстік Қазақстан облысы жоғары көрсеткішке жетіп отыр. 10 405 адам немесе жоспар¬ланған санның 51,4% жастар практикасына бағытталған. Бұдан өзге, биыл Қазақстанда 1706 қоныс аударушы отбасына және 622 оралмандар отбасына жұмыс күші көп аймақтардан (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан) жұмыс күші аз өңірлерге (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақ¬стан облыстарына) көшу үшін квота қарастырылған. Есепті кезеңде 206 отбасы немесе 820 адам көшірілген. Олардың ішінде еңбекке жарамды жастағылар – 394 адам, олардың 147-сі жұмысқа орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамалары әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды көздейтіні белгілі. Төртінші бастама ауылдық жерлерде және қалаларда шағын несие беру көлемін кеңейтуге бағытталған. Ол кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс орындарын құруға, аз қамтылған халық санатының табысын өсіруге, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ресмилендіруге қатысты кешенді міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

2017-2021 жылдарға арналған Шағын несие беруді дамыту жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бүгінде нәтижелі көрсеткіштеррге ие. 2018 жылы бекітілген бюджетте шағын несие беру бағдарламасына 42 млрд теңге, оның ішінде ауылдық жерлерге 31 млрд теңге және қалалар мен моноқалалар үшін 11 млрд теңге қарас-тырылған. Президенттің тапсырмасымен қаржыландыру 20 млрд теңгеге ұлғайып, биыл 62 млрд теңгені құрайды. Соның нәтижесінде шағын несиемен қамтудың жалпы көлемі 14 000 адамнан асады, бұл 2017 жылғы деңгейден екі есе көп.

Бес әлеуметтік бастаманың төртінші бағытын тиімді іске асыру үшін бағдарламаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Атап айтқанда, өндірісті ұлғайту және оның кепілдендірілген сатылымы үшін қайта өңдеу¬ші ауыл¬шаруашылық кәсіпорындары аясында зәкір¬лік кооперацияны дамыту қарастырылған. Осы мақсаттарға бар¬лығы 10 млрд теңге бөлінген. Ауылдық жерлерде Ауыл шаруашылығы министрлігі, қалалар мен моноқалаларда Ұлттық экономика министрлігі шағын несие беру бағдарламасының әкімшілері болып табылады. Биыл «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында үш ірі жоба іске қосылуда. Біріншісі – Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту. Бүгінгі күні жүйе еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау, арнайы әлеуметтік қызметтер және көші-қон секілді ведомство қызметінің барлық бағыттары бойынша 11 ақпараттық шағын жүйелерді қамтиды. Екінші жоба – Электронды еңбек биржасы. Азаматтарды жұмысқа орналастыру процесі электронды форматқа көшіріліп, жұмыс іздеушілер мен вакансиялардың ірі базасы қалыптасқан. Еңбек және халықты әлеуеттік қорғау министрлігінің деректері бойынша қазіргі кезде биржаға жұмысқа орна-ластыруға қатысты 45 жеке агенттік пен 5 интернет-алаң қосыған. Ай сайын Электронды биржаға шамамен 141 мың адам кіреді, жыл басынан бері оның саны ай сайын 2,7 есеге өсіп отырды және 3 млн адамнан асты. Үшінші үлкен жоба – элекронды еңбек шарттарын есепке алу жүйесін енгізу. Жұмыскерлер үшін бұл, бірінші кезекте, жұмысқа орналасу процесін жеңілдетеді: құжаттар жинау қажет емес, жұмыс іздеушінің жеке ісі автоматты түрде қалыптастырылатын болады. Осылайша, қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру есебінен азаматтар мен мемлекеттің шығындарын 600 млн теңгеге дейін қысқартуға, электронды кадрлық іс қағаздарын жүргізуді енгізу есебінен бизнестің жыл сайынғы шығындарын 1 млрд теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.


Алаш айнасы 




Көрілген: 3591    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 13:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31