Көші-қон және демография

Жыл басынан бері 9000 адам Қазақстан азаматтығын алды

  • Жыл басынан бері 9000 адам Қазақстан азаматтығын алды

    Жыл басынан бері 9000 адам Қазақстан азаматтығын алды

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің дерегіне сәйкес, 2019 жылдың алғашқы жартысында 7000-ға жуық этникалық қазақтың Қазақстанға қоныс аударғаны хабарлаған еді. Енді міне, бұл көрсеткіш 9000-ға жетті. Олардың 3800-і Өзбекстаннан келсе, Қытайдан 1553 адам атажұртына біржолата көшіп келген. Ал қалған қандастарымыз – Түрікменстан, Моңғолия, Ресей, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия елдерінен көшіп келгендер.

Қазақстан шетелдегі қандастардың атажұртына оралуына барлық мүмкіндіктерді жасады әрі олардың қажетті құжаттарды бітіру жұмыстарын да барынша жеңілдетті. Соның мысалы ретінде Қазақстанда тұратын, бірақ азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Президентінің Жарлығымен ҚР азаматтығы берілсе, шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың ҚР азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен ала алатынын атауға болады. Сонымен қатар, көшіп келген қандастарымыз солтүстіктегі облыстарға ірге тепсе, баспана беріп, жұмыспен қамту, ақшалай көмек көрсету мәселесі де қарастырылған.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, өзге мемлекеттерден елге оралған қазақтарға оралман мәртебесі беріледі. Бұл куәлік оларға бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Бұрын оралман мәртебесі бір жылға рәсімделетін. Осы бір жыл ішінде қандастарымыз құжаттарын жинап, Қазақстан азаматтығын алулары тиіс. Алайда түрлі себептерге байланысты белгіленген мерзім ішінде құжат жинап үлгермей, оралман куәліктерінің уақытын өткізіп алып, азаматтық ала алмай қиналған қандастарымыздың қатары көп болды. Осы мәселеге байланысты Елбасы жыл басында мерзімі өтіп кеткен оралман куәліктерінің мерзімін биылғы жылдың соңына дейін ұзартуға тапсырма берген еді. Осы кеңшіліктің арқасында көптеген қандасымыз жарты жыл ішінде ҚР азаматтығын алып үлгерді. Енді қолындағы шетелдік төлқұжатының уақыты өтіп кетіп, не Қазақстан азаматы емес, не шетел азаматы емес ортада сенделіп қалған қандастарымызға да осындай жеңілдік керек сияқты.


Алаш айнасы




Көрілген: 302    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 23:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31