Көші-қон және демография

Қазақстан азаматтығын алған қандастарымыздың саны 10 мыңнан асты

  • Қазақстан азаматтығын алған қандастарымыздың саны 10 мыңнан асты

    Қазақстан азаматтығын алған қандастарымыздың саны 10 мыңнан асты

 Жақында ғана ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "оралман" сөзін "қандас" сөзіне ауыстыруға қатысты пікірін білдірген еді. Президент атамекеніне оралған қазақтарға қатысты "Оралман" терминінен бас тартып, оның орнына "Қандас" терминін енгізу жөн екенін айтты. «Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. Енді міне, елімізге оралған оралман емес, қандастарымыздың саны артқаны жайлы жаңалықты көпшілікпен бөліспекпіз. Қазақстанның толыққанды азаматы атанғандар биыл тағы 10 мың адаммен толықты.


2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында көрші елдерден атамекеніне оралған 10,7 мың қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды. Олардың ішінде 48,5%-ы Өзбекстаннан келгендер болса, Қытай Халық Республикасынан көшіп келген этностық қазақтар 36%-ды құрайды. Моңғолиядан тарихи отанына оралғандардың – 6,2%-ы, Түрікменстаннан келгендердің – 5,4%-ы, Ресей Федерациясынан оралушылар – 1,1%, Ираннан көшіп келгендердің – 0,5%-ы Қазақстан азаматығын алды.


Еліміз шеттен келген қазақтарды жылы қарсы алып, оларды еліміздің әр өңіріне қоныстандырды. Көрші мемлекеттерден көшіп келген қандастарымыздың 27 пайызы Ақмола облысына, 14 пайызы Маңғыстауға, 9 пайызы Жамбылға, Нұр-Сұлтан қаласына 8,9%-ы, ал Шымкентке 8,5%-ы орналастырылды.

Статистикалық деректерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап бүгінге дейін 307,3 мың отбасы немесе 1,046 миллион этностық қазақ Қазақстанға көшіп келіп, оралман мәртебесін алған екен.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ахмади Сарбасовтың айтуынша, елімізде оралман мәртебесін алған этностық қазақтарға жеңілдетілген түрде азаматтық алу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалды. Оралман мәртебесі бір жылға жарамды. Мәртебесі тоқтатылған күннен бастап бұл мәртебені үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға өтініш беріп, жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуға болады.
Кейде оралмандардың берілген уақыт ішінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алмай, мүмкіндіктерінен айырылған жағдайлар да кездеседі.

Дәл осындай жағдайларды ескере отырып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қандастарымызға мәртебесін жеңілдетілген тәртіппен алуды 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Енді осы уақытқа дейін мәртебесін ұзартпаған оралмандар жергілікті атқарушы органдарға жүгініп, мәртебелерін ұзартып, содан кейін Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ішкі істер органдарына құжаттарын тапсыра алады.

Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев келтірген мәліметке сәйкес, үстіміздегі жылдың тамыз айына дейін Қазақстанда 6 мың қандастың оралман мәртебесі ұзартылған. Оның айтуынша, қазіргі таңда оралмандар жергілікті атқарушы органдар арқылы оралман куәлігін алып, тұрақты тұру ықтиярхатын ала алады. Одан кейін бір жылдың ішінде азаматтықты алмай, оралман куәлігінің мерзімі өтіп кетеді. Міне, осындай түйіткілді мәселелерді шешу үшін ІІМ бастамасымен бірнеше рет ҚР Президент Әкімшілігіне хат жолданған еді. Нәтижесінде оралман куәлігінің мерзімі өткен, оралман мәртебесін ұзарту және жеңілдетілген тәртіпте ҚР азаматтығын беруге қатысты тапсырмалар берілді. Бұл жұмыс 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіле береді. Осы тапсырмалардың орындалу барысы елордада «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР заң жобасын талқылау барысында айтылды. Көші-қон полициясы басқармасының бастығы жоғарыда аталған тапсырмалар уақытылы орындалып жатқанын айтты. Республика бойынша өңірлердің барлығында көшіп келген этникалық қазақтарға мерзімі қай кезде өткеніне қарамастан оралман мәртебесін ұзарту бойынша бір реттік республикалық акция жүргізілуде.

Алаш айнасы





Көрілген: 1022    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 23:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30