Көші-қон және демография

Көші-қон қызметі орталығы қызметінің сапасы артты

  • Көші-қон қызметі орталығы қызметінің сапасы артты

    Көші-қон қызметі орталығы қызметінің сапасы артты

  Еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы шетелдік азаматтардың көптеп келуіне қолайлы жағдай қалыптастырып отыр. Тек соңғы үш жылдың ішінде ішкі істер органдары еңбек мигранттарына Қазақстанда жеке тұлғаларда еңбек етуге 1,5 миллион рұқсатнама беріп, оны ұзартқан. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еңбек мигранттарына арналған көші-қон орталықтарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттырды. Бұдан бұрын аталған орталықта шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат беретін құжатты алып, ҚР аумағына уақытша келетіндер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі ғана берілетін. Көші-қон орталықтары көлеңкеде жүрген еңбек мигранттарының заңды түрде тіркелуіне ықпал етеді. Осы ретте көші-қон ХҚО-сы арқылы көрсетілетін қызметтер саны көбейді


Еліміз бойынша 12 көші-қон орталығы жұмыс істейді. Осы орталықтар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, бұл қызметтердің көрсету мерзімін қысқарту, жемқорлық тәуекелдерін жою және қолайлы жағдай жасау үшін құрылған Көші-қон қызметі орталықтарында еңбек мигранттарына рұқсатнама беру бойынша қызмет "бір терезе" қағидасымен ұсынылады.


ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Марат Қабденовтің айтуынша, бұрын мигранттар рұқсатнаманы рәсімдеу үшін апта бойы әртүрлі мекемелерді (Мемлекеттік кірістер департаментінде ЖСН жасау, медициналық анықтама алу, полиция бөлімдерінде фотосуретке түсу және дактилоскопиядан өту, мемлекеттік баж салығын төлеу, аударма және нотариалдық қызметтер) аралап жүретін. Ал қазір Көші-қон қызметі орталығында мұндай рұқсатнаманы бірнеше сағаттың ішінде рәсімдеуге болады.


Осындай орталықтар құрудағы басты мақсат - елімізге келген шетелдіктерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жемқорлыққа итермелейтін жағдайларды жою, қызметті көрсету мерзімін қысқарту және келушілерге қолайлы жағдай жасау.


-Көші-қон қызметі орталығында шетелдік төлқұжат пен көші-қон карточкасын ұсыну арқылы медициналық тексеруден, дактиласкопиялаудан өтеді, сақтандыруды рәсімдеп, мемлекеттік баж салығын төлейді, содан соң оған жұмыс жасауға рұқсатнама рәсімделеді. "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-мен бірге Көші-қон қызметі орталықтары еліміздің 14 өңірінде ашылды, - деп мәлімдеді Марат Қабденов.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ІІМ-де мемлекеттік әкімшіліктендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін кезергілерді азайту, мемлекеттік қызметтерді алу процестерін автоматтандыру және цифрландыруды қамтамасыз ету белсенділігі артырылды.


ІІМ тұрғындарға 40 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың көпшілігі көші-қон қызметіне (18) қатысты, қалғандары қару айналымы, пиротехникалық заттар мен бұйымдар, есірткі заттары, жол қозғалысын қадағалау, мұрағаттық құжаттардың көшірмесін беру, күзет қызметі, азаматтық қорғау және эксперттік-криминалистикалық қызметтер.


Өткен жылы ІІМ тұрғындарға 19,5 млн. мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде көші-қон желісі бойынша 16,5 млн. Ал биылғы жылдың басында (қаңтар-ақпан) тұрғындарға 2 млн. 777 мың мемлекеттік қызмет көрсетті.

Тұрғындар арасында мекенжай анықтамасы, автокөлікті тіркеу, ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру, елімізге уақытша келген шетелдіктерді тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру сияқты қызметтер көп сұранысқа ие.



Алаш айнасы


 




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

сенбі, 22.06.2019, 22:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30