Көші-қон және демография

Мәселе шетел асумен шешілмейді

  • Мәселе шетел асумен шешілмейді

    Мәселе шетел асумен шешілмейді

 Елімізде халық санын қайтсек арттырамыз деп жүргенде еңбекке қабілетті жастағы азаматтарымыздың шетел асуы көңілде алаң тудырады. Өйткені дәл қазіргі таңда біздің елімізге білімді, іскер жастардың күш-жігері қажет-ақ. Мемлекет жастардың өз елінде өсіп-өнуіне мүмкіндік жасап жатыр десек те, шекара асқандардың саны неге азаймай отыр? Ranking.kz келтірген деректерге сүйенсек, 2019 жылдың басынан бері Қазақстаннан 8,4 мың адам кетіп қалған. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артық. Керісінше, Қазақстанға 3,2 мың адам келген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,4%-ға артық.

Қазақстанды көбінесе қала тұрғындары тастап кететін көрінеді. Осы жылдың алғашқы үш айында олардың саны 7,1 мың адамды құрап отыр. Ал еліміздің қалаларына 1,8 мыңнан астам адам келіп, бұл қалалар бойынша 5,3 мың адамға теріс сальдоны құрады. Ауыл тұрғындарынан шетелге 1,2 мыңнан астам адам кетіп, 1,3 мыңнан астам адам келіпті. Ауылдық жерлерде сыртқы көші-қон сальдосы 112 адам болды.

16 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарда жас топтары бойынша халықтың сыртқы көші-қонының ең үлкен теріс сальдосы — 3,7 мың адам. 15 жасқа дейінгі балалар бойынша теріс сальдо 1,4 мың адамды, зейнеткерлер бойынша — тек 27 адамды құрайды.

ТМД елдерімен ең үлкен теріс сальдо — 4,8 мың адам, басқа елдерге тек 419 адам келеді.

Бүгінде шетел асып, білім алу, жұмыс істеу көрші ауылға немесе қалаға барып келгендей мұхит асқанда тәуір көреді. Статистика комитетінің мәліметінше, жыл сайын 14-28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетелге кетеді екен. "Мұның басты себебі тұрақты жұмыстың болмауы, жалақының аздығы және ең маңыздысы баспана мәселесі", дейді сарапшылар.

Шындығында өз елінде сапалы білім алуға жағдайы жасалса, тұрақты жұмысы болса, жалақысы тіршілігіне жетіп тұрса, баспанасы болса, жастардың өзге елге кетіп несі бар?>
Қазіргі таңда 18 бен 35 жас аралығындағы қаншама азаматтарымыз отбасы түгілі жалақыларын өз жеке бастарына жеткізе алмай жүр. Өйткені олардың көпшілігі, тапқан-тергендерінің жартысын жалдамалы пәтерге төлейді. Өмір сүруге қажетті қалған қажеттіліктер, азық-түлік, жанармай, жолақы, сондай-ақ тұрмысқа қажетті тауарлар дегенің тағы бар...
Еліміздегі жастардың баспаналы болуы үшін тұңғыш президентіміздің бастамашы болған «7-20-25» бағдарламасының әлі де жетілдіре түсетіән тұстары бар секілді. Себеб айлығы шайлығына жетпей жүрген жастар үшін банктың талабы қиынға соғып тұр.

Мысалы, Алматыда немесе Астанада 1 бөлмелі пәтер 10 млн теңге делік, оның 20%-ы – 2 млн теңге. Қалған 8 млн теңгені 25 жылға бөліп төлеу керек. Оған 7 пайыздық үстеме қолсылады, сонда ай сайын 56 500 теңгеден шығады. Ал ең төменгі айлық жалақы осы ай сайынғы төлейтін сомадан 2 есе көп болуы тиіс, яғни, 113 000 теңге. 2-3 балалы отбасы кем дегенде 2 бөлмелі пәтер алуы керек. Әлбетте, олардың көбінің жалақысы банк талабына сәйкес келмейді. Айталық, 3 баласы бар отбасының ең төменгі ықтимал шығыны – 129 500 теңге; айлық қосымша ықтимал шығын – 100 000 теңге; үйдің бағасына байланысты белгіленген ең төменгі жалақы – 113 000 теңге. Жалпы: 129 500 + 100 000 +113 000 = 342 500 теңге. Қазіргі кезде мұндай айлық алатын адам кемде кем.
Елбасының өзі де жас отбасыларға арналған баспана мәселесі ірі қалаларда өткір екенін ескере отырып, Үкіметке алдымен Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына 1 мың пәтерден кем емес құрылысты қамтамасыз ету қажет екенін айтты. Сондай-ақ бұл пәтерлер жалдамалы баспана санатына жатқызылуы тиіс екенін, сондай-ақ бүгінде жүзеге асырылып жатқан «7-20-25» бағдарламасы барын да айтты. Осы орайда баспанаға қатысты бағдарламаны жүзеге асырушылар «7-20-25» бағдарламасын қайта қарастырып, әсіресе жас және көп балалы отбасыларға несиені аз пайызбен бергені жөн болар еді.


Сонымен өз еліндегі білімнің сапасына қанағаттанбаған, жұмыс істеп жарытпаған, қалтасы қампаймаған шетел асып кете барады. Бөтен елде оңай жолмен ақша тауып, байып кетпесе де, қара жұмыс істеп болса да нәпақа табуға тырысады. Тіпті кейбірі өздері білім алып, жұмыс істеп жүрген елдерде біржола қалуға да қарсы емес.

Қайда өмір сүрем десе де, адамның өз еркі, өз құқы. Дегенмен "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген сөз де бар емес пе? Ақшаның артынан эүгірем деп, өзге елде қаңғырып қалғандар да, құлдықтың құрбанына айналғандар ла жоқ емес. Work&Travel бойынша АҚШ-қа жұмыс іздеп барып қаза тапқан Айнұр Ахметованың жағдайы, 2011 жылы Аустралияға аттанған Сағынай Батырханованың қайтыс болуы да қоғамда қызу талқыға түсті. Ауыр жұмыстарға, жыныстық қызметке жегіліп, отанына әрең оралған қаракөздеріміз қаншама?

Еліміздегі әлеуметтанушылар қазақ жастары негізінен дамыған Канада, АҚШ, Германия, Түркия секілді мемлекеттерге қоныс аударғысы келеді екен. Статистика комитетінің дерегіне жүгінсек, 29 жасқа дейінгі қазақ жастарының 32 пайызы, яғни әрбір үшінші қазақ баласы шетелге кетуге асық. Жастардың басым бөлігінің жасы 19 бен 23 аралығында.
«Қынжылтатыны, елімізден көшіп кететіндердің арасында қазақтар да бар. Әсіресе мектеп бітірген соң балалары ҰБТ тапсырмай, Ресеймен шекаралас Омбы, Орынбор, Том қалаларына көшіп, сол жерде жоғары оқу орындарында білім алып жатады. Өкініштісі сол, көпшілігі қайтып келмейді. Мемлекет орта білім беруде әр балаға 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін орта есеппен бірнеше миллион теңгеге жуық қаражат бөледі. Сол азаматтар кейін басқа мемлекетке кетіп қалады. Мұны заңмен шешу мүмкін емес. Мәселені шешудің бір жолы – жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын көтеру, жалақыны жоғарылату, жұмыс орындарын көбейту. Еліміздің азаматтары да жалақыға наразы болып, шетелге көшіп кетеді. Бұған мемлекеттік тұрғыда қарау керек» Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы .

Шетелде оқып жатқан жастардың көбі Қазақстаннан кетуге асығуларының негізгі себебі жалақысы жоғары жұмыс табу, қаржылық мәселелерді шешу екенін айтады. Сондықтан қазіргі таңда білімді, ақылды жастарымыздың өзге елдің пайдасына жұмыс істеуіне жол бермеуіміз керек. Елбасының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауының өзі өте маңызды қадам. Ендеше жастарымыз өздеріне берілген әр мүмкіндіктен құр алақан қалмаса екен дейміз.


Алаш айнасы




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 18:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30