Көші-қон және демография

Мегаполистерде жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті

  • Мегаполистерде жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті

    Мегаполистерде жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті

 Қазіргі заманда алпауыт елдердің де, дамушы елдердің де ең басты мәселесі – халқын жұмыспен қамту. Біздің еліміз де әрдайым жұмыссыздықпен күрес мәселесін алдыңғы орынға қойып келеді. Бұған дәлел – халықты жұмыспен қамтуға қатысты мемлекеттік бағдарламалар. Осындай бағдарламалардың бірі –«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» Жұмыссыздық деңгейін төмендету, кадрлік әлеуетті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құруды мақсат еткен бағдарлама нәтиже бере бастады.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» - ҚР халқын тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға бағытталған, оқытуды, жұмысқа орналастыруды, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуі, елдегі еңбек ресурстарының бөлінуін оңтайландыруды қамтамасыз ету бағдарламасы. Бағдарлама іске қосылғалы соңғы 7-8 жылдың ішінде еліміздегі жұмыссыздық деңгейі біршама төмендегені шындық. Дегенмен Астана, Алматы сынды ірі қалаларды жұртты жұмыспен қамту мәселесі әлі де өзекті.

Бүгінгі таңда Алматыда жұмыссыздық деңгейінің жалпы көрсеткіші 5,2%-ды құрады. Яғни өткен жылғымен салыстырғанда жұмыссыз деп тіркелгендер саны бір жылда 5 мың адамға ұлғайған. Қалалық жұмыспен қамту басқармасы жүргізген жеке тұлғалардың әлеуметтік дәрежесін анықтау мен тіркеу жұмыстарының нәтижесінде 111 мың адамның әлеуметік дәрежесі нақтыланды.

Бұл шара жұмыссыз деп танылған немесе өзін өзі жұмыспен қамтыған және бейресми еңбек ететіндерге біріңғай жалпыға ортақ төлем енгізу үшін қажет. Алайда тұрғындар тарапынан түсінбеушілік те бар. Мысалы, құрылыс, сауда мен өзге де қызмет көрсету салаларында еңбек ететіндер ресми мекемеге тіркелмейді. Сондай-ақ олар көп жағдайда жұмыс берушімен еңбек келісімшартын да жасамайды. Соның салдарынан ол азаматтарды заңмен қорғау қиындық туғызады. Біріңғай жалпыға ортақ төлем көлемі 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ол жылына бір рет төленеді. Сол арқылы әлеуметік дәрежесін анықтап, тіркегендер міндетті медициналық әлеуметтік көмек алуға құқылы.


Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, Алматыда тіркелмегендердің саны жалпы статусы жоқтар бойынша 20,6 мың адамды құрайды. Олардың барлығы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» бағдарламасына сәйкес жұмыспен қамтуға тартылып жатыр. 


Айша Нұржан 




Көрілген: 1194    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.09.2018, 22:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30