Моңғолиядан көшіп келген 13 отбасы Павлодарға қоныс тепті

Моңғолиядан көшіп келген 13 отбасы  Павлодарға қоныс тепті

Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізісімен әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған қандастарымызды атажұртына қайтаруға әрекет жасады. Елбасы қандастарымызды тарихи Отандарына оралуға шақырды. Сол кезден бастап біраз шеттегі қазақтар елімізге ағылып келе бастады. Алайда соңғы жылдары алыстағы ағайындарымыздың көшіп келуі аздап бәсеңдеп қалған болатын. Мұның біраз себептері де жоқ емес. Қазіргі таңда елімізде баяулап қалған көшті қайта жандандыруға күш салынуда. Шетелдерден көшіп келген оралмандарды қабылдау, бейімдеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл Мұндай игілікті істерді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Отандастар қоры атқарып отыр.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Отандастар қорының пилоттық жобасы аясында Моңғолияның Қобда, Баян-Өлгей аймақтарынан 13 көпбалалы отбасы, яғни 80 адам Павлодар облысына көшірілді. Олардың арасында көпбалалы аналар бар және мектеп жасындағы 46 бала, 4 студент, 1 зейнеткер, еңбек жасындағы 29 азамат бар. Көшіп келгендердің ішінде бастауыш сынып, ағылшын тілі мұғалімдері, дәрігерлер, техника мамандары, мал дәрігері секілді мамандық иелері бар. Осы 13 отбасының барлығы биылғы жылғы оралмандардың өңірлік квотасына енген. Сондықтан көшіп келген әр адамға мемлекет тарапынан 88 375 теңгеден бір жыл бойы үй жалдап тұруға қаржы бөлінеді. Балалар балабақшаларға, оқу орындарына, еңбек жасындағылар жұмысқа орналастырылады. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізде болса, 2017 жылы Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы шетелдегі қандастарды қолдау мақсатында «Отандастар» қорын құру және шеттен келіп жатқан қандастарға жан-жақты қолдау көрсететін кешенді бағдарламасын әзірлеу туралы үкіметке арнайы тапсырма берген еді. Осыдан кейін елімізде «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылып, «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. Жоспар бойынша шетелдегі қазақтарымен байланыс орнату орталығы жұмыс істей бастады. Атамекенге жаңадан көшіп келген немесе көшіп келуге ниетті қандастарымыз үшін құқықтық кеңес алу, қажетті ақпараттардан хабардар болу аса маңызды. Осы мүмкіндікті оларға «Отандастар қоры» тудырып отыр. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Отандастар» қоры көрші мемлекеттерде тұратын ағайынның мәселелерін шешумен, қазақ диаспорасын Қазақстанмен байланыстыру жұмыстарымен, көшіп келгісі келетін қандастарымыздың көші-қонын ұйымдастырумен, шетелдерде оқып жүрген қазақ жастарын еліміздегі оқу орындарына тартумен айналысады. Қордың барлық аталған бағыттағы істеріне облыс әкімдігі, сондай-ақ, облыстық ішкі саясат, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, архивтер және мұрағат, спорт, ІІД-нің көші-қон қызметі басқармалары қолдау білдіруде. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының басшысы Болат Заутұлының айтуынша, алдағы уақытта облыс әкімдігі мен «Отандастар» қорының қолдауымен Моңғолиядан Павлодар өңіріне өз күшімен көшіп келуге мүмкіндігі жоқ көпбалалы 15 отбасын (130-дай адам) көшіріп әкелу жоспарланып отыр. Болашақта атажұртқа қоныс аударған қандастарымызды жұмыспен, баспанамен қамтуға арналған «Тұрғын үй және жұмыс» жобасы бойынша агроқалашық құрылысын осы аймақта жүргізуге келісім жасау ісі жоспарланған. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы мамандары берген дерекке сәйкес, қазіргі таңда Павлодар өңірінде дүниежүзінің 12 елінен көшіп келген 8 450 отбасы қоныс тепкен. Осы отбасылардың 36 мыңнан астам мүшесі азаматтық алып, өз атамекендерінің толыққанды азаматы ретінде еңбек етіп, елдің өркендеуіне үлестерін қосып отыр. Айта кету керек, Павлодар облысы жұмыс күші жетіспейтін өңірге жатады. Сондықтан мұнда оңтүстік өңірлерден білікті мамандардың көшіп келуі, шетелдерден қандастарымыздың келіп қоныстануы өңірдің өркендеуіне серпін бермек. Асхат Оралов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары: – Шеттегі қандастарымыздың біздің өңірге көшіп келуі облысымыз үшін маңызды. Өз тарапымыздан Қазақстан Республикасына, оның ішінде біздің өңірімізге көшіп келген 80 қандасымызды қуана қарсы алдық. Бұған дейін Палодар облысына 250 адам көшіп келген. Сонымен біз жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, жылдық квотаны орындадық. «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында облыс әкімшілігі мен «Отандастар» қоры қыруар шаруа атқарды, нәтижесінде өңірімізге барлығы 330 адам қоныстанды. Осы жолы келген 13 отбасының 18-ге толмаған 48 баласы бар. Олар балабақша және мектептерге орнластырылды. Жұмысқа қабілетті жандармен арнайы мамандығы бар адамдарды жұмыспен қамту мәселесі де шешіледі. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғаса береді. Болашақта атамекенге оралатын қандастарымыздың қатары арта түсу үшін әлі де Қазақстандағы қағазбастылық азайып, көші-қон саласына жауапты кейбір мамандардың біліктілігі жоғарласа нұр үстіне нұр болар еді. Шеттен келген қазақтардың құжат тапсырудағы қиындықтарын жеңілдетіп, заңсыздыққа жол берілмеуін қадағалау аса маңызды. Қандастарымыз тұрақты тіркеуге тұру, ықтияр хат алу, ҚР-ның азаматтығын алу үшін құжат тапсырғанда біраз кедергілерге тап болып жатады. Мамандардың айтуынша, Қазақстанға көшіп келген оралман құжаттарын түгендеуге 5-6 ай уақыт жұмсап, 8 түрлі құзырлы мекеменің тексеруінен өтеді, көбіне олардың шарт-талаптарын орындау үшін бір мекемеге 4-5 рет қайта баруына тура келеді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін шеттен келетін оралмандардың өздері де жауапкершілікпен қарауы керек. Кейбір жағдайларда елге көшіп келгісі келген кейбір ағайындарымыздың құжаттары түгел болмай қалады. Өйткені олардың кейбірі қандай құжат қажеттігін білмейді де. Егер оралман отбасы құжаттарын дұрыс, толық әкелсе, 120 күн немесе 4 айдың ішінде ықтияр хат алып, квота және үкімет тарапынан белгіленген түрлі әлеуметтік жеңілдіктерді алуға мүмкіндігі бар.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста