Әлеумет

Мүмкіндігі шектеулі жандар да жұмыссыз қалмайды

  • Мүмкіндігі шектеулі жандар да жұмыссыз қалмайды

    Мүмкіндігі шектеулі жандар да жұмыссыз қалмайды

Бүгінде Астанада 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылып, өз нәпәқасын тауып жүр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты жариялаған болатын.


Астанадағы жұмыспен қамту орталығы мамандарының дерегіне сүйенсек, қаладағы барлық кембағал жандардың 50 пайызы екі қолға бір күрек алып, түрлі салада еңбек етіп жүрген көрінеді. Жұмыспен қамту орталығына мүмкіндігі шектеулі жандардан 456-дан астам өтініш түскен. Ең сұранысқа ие мамандықтар білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет, өнер және мәдениет, көтерме және бөлшек сауда, құрылыс және өнеркәсіп салаларына тиесілі. Көлік, ақпарат және байланыс, сондай-ақ мемлекеттік басқару салаларында сұраныс көп емес.

Роза Байсалбаева, Астана қаласы әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бөлімінің басшысы:


– Егер өзі қалаған мамандық бойынша жұмысқа тұруға қажетті біліктілік дәрежесі болмаса, біз онда біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырамыз. Курсты аяқтаған соң ол адам сертификат алады және сол сертификат арқылы жұмысқа тұра алады. Егер ол адамда диплом немесе бір де бір кәсіби сертификат болмаса, онда біз ол адамды «Атамекен» ҰКП қолдауымен жаңа кәсіп меңгеруге «Кәсіпкерлік негіздері» курсынан өткіземіз. Курсты аяқтаған соң ол өзінің жеке кәсібін ашып, адамдарға жұмыс ұсына алады».

Роза Байсалбаеваның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалуда. Мысалы, сал ауруына шалдыққан немесе гемодиализі бар адамдар жұмысқа келе алмайды. Сол себепті де оларға қашықтан жұмыс жасауға мүмкіндік беретін арнайы келісімшарт жасалады да, барлық салық, арнайы төлемдер заңға сай жүреді. Жұмыспен қамту орталығына өтініш беру үшін төменде көрсетілген құжаттар керек: жеке куәлік, осында тіркелгендігі туралы анықтама, медициналық сараптама комиссиясы берген мүгедектік туралы анықтамасы, сондай-ақ осы адамға мүгедектік дәрежесіне байланысты ұсынылған жұмыс тізбесі. Жұмыстардың тізімі ұсынылған медициналық қорытындыға сәйкес жасалады.


Айша Нұржан 




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.09.2018, 23:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31