Көші-қон және демография

Оңтүстіктен он отбасы Көкбектіге қоныс аударды

  • Оңтүстіктен он отбасы Көкбектіге қоныс аударды

    Оңтүстіктен он отбасы Көкбектіге қоныс аударды

 Солтүстік өңірге жұмыс күші көп аймақтардан азаматтарды көшіру мәселесі бұл өңірде «демографиялық ахуал нашарлап, халық санының азаюынан туған еді. Қазақстан үкіметі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын 2013 жылы қабылдаған. Бұл бағдарламада «жұмыс күшіне тапшы» аймақтарға «жұмыс күші артық» облыстардан мамандарды шақыру жайы да айтылған. Әр облыс осы бағдарлама негізінде азаматтарды көшіру жоспарын жасауға кіріскен. Сондай өңірлердің бірі – Шығыс Қазақстан облысы. Мұнда 2014 жылдан бастап «жұмыс күші мол аймақтардан (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан) еңбекке жарамды азаматтарды» көшіріп алу жүзеге асырылып келеді.

 Таяуда көшбасы Серғазы Омар ақсақал бастаған отандастарды аудан əкімі Асхат Смаилов қабылдады. Аудан әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары, ауыл əкімдері, дербес бөлім басшылары қатысқан жиында ауданға қоңыс аударуға ниетті отбасыларға ұсынылар игіліктер мен мүмкіндіктер жан-жақты сараланды.


– Қолдан келген барлық көмек пен қолдауды аямаймыз. Отбасы мүшелеріне мамандығына сай жұмыс ұсынамыз. Кəсіп қылам дегендерге қолдау болады. Мал өсіріп, егін егемін дегендер болса жер беруге дайынбыз, – деді Асхат Сайдахметұлы.


Бүгінгі күні Түркістан облысының Қаратал ауданында тұратын 10 отбасы Көкпекті ауданына қоңыс аудармақ. Елмен танысып, жер көріп, тұрақты мекен тандайық деп келген 5 азамат ауданның Ажа, Биғаш, Қарғалы, Егінбұлақ, Көкжыра ауылдарын аралады.


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында Оңтүстік өңірден қоныс аударғандарға мемлекет тарапынан көмек те қолдау да жоғары деңгейде.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген жаңа бағдарламаның басты мақсаты – елімізде нәтижелі жұмыспен қамтуға жағдай жасай отырып, халыққа өз табыстарын арттыруға мүмкіндік беру.

Айым Нұр


Көрілген: 1051    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.09.2018, 08:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31