Көші-қон және демография

Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударғандар өңірдегі қызу тірлікке араласып та кетті

  • Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударғандар өңірдегі қызу тірлікке араласып та кетті

    Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударғандар өңірдегі қызу тірлікке араласып та кетті

Қазір жұмыс істеймін, кәсібімді дөңгелетем, баспаналы болам деген адамға мүмкіндіктер жетерлік. Бұл мүмкіндікті мемлекет жасап отыр. Залықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жасалған. Солардың бірі – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы. Осы бағдарламаның аясында СҚО Ақжар ауданына жыл басынан 19 отбасы көшіп келген, сол отбасылардың үшеуі Май ауылында тұрып жатыр. Олар толықтай баспанамен және жұмыспен қамтылған. Жер жалға алып, бау-бақша егіп,  кәсіпкерлікпен айналысып жақандары да жоқ емес.  Қысқасы, Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударғандар өңірдегі қызу тірлікке араласып та кетті.  


Төрехан Омаров Өзбекстан мемлекетінен Қазақстанға 2003 жылы көшіп келген. Ең алдымен ол Түркістан облысында тұрған. Алайда ол жақта жұмыс болмай Төрехан ата өз отбасымен 2017 жылы Уалиханов ауданына қоныс аударады. Ол жақта да егіншілікпен айналысқан. Бірақ, су болмай еккендері жеміс бермепті. Сөйтіп, Төрехан Омаров Қостанай облысына кеткен. Өкінішке орай үміті мұнда да ақталмай, қайтадан Солтүстіктің Ақжар ауданына қызы, күйеубаласы және немерелерімен келген. Атаның айтуынша мұнда жеміс пен көкөніс егу үшін барлық жағдай жасалған, топырақ құнарлы және суы мол дейді.


- 5 гектар жерге сәбіз, помидор, свекла, огурец, арбыз, дыня және тыква егіп жатырмыз. Капельный расширения қылып жатырмыз. 2,5 гектар сәбіз, 1,5 свекла, 50 соток помидор, қалғандарына арбуз, қауын,асқабақ. Қауын мен барбызды мен Ташкенттен алып келдім. 60 күнде пісуі керек.Жақсы болса келесі жылы гектарлап егемін, дейді Төрехан Омаров


Қызы үй шаруасында бала күтімімен айналысса, күйеубаласы жергілікті кәсіпкерде жұмыс жасайды. Май ауылына келісімен олар баспана сатып алған. Төрехан атаның ендігі жоспары қарбыз бен қауынды гектарлап егіп, Петропавл мен Көкшетауға сату. Қазіргі кезде ұңғыманың көмегімен суарып жатыр. Айтуынша, аудан басшылығы келер жылы су тартылады деп уәде етіпті.


ЕРБОЛ ШУРМАНОВ, МАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:


- Үкіметтен қаржы бөлініп жатыр, ендігі жылы су болады деп үміттеніп отырмыз. Республикалық бюджеттен 25 млн-дай ақша бөлінді. Жақында жұмысшылар келіп жұмыстар басталады деп жоспарлап отырмыз. Су құбыры тартылмақ. Әр үйде су болады.


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында Ақжар ауданына 2016 жылдан бері 84 отбасы 450 адам қоныс аударған.


БАУЫРЖАН БАРЖАНОВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А:


- Жыл басынан бері біздің ауданға 19 отбасы 71 адам көшіп келді. Олардың барлығына субсидия төленіп, жұмыспен қамтылды. Май ауылына өткен жылы 1 ал осы жылы 2 отбасы қоныс аударды. Балалар мектепке, балабақшаға орналастырылды.


Одан басқа қыркүйек айына дейін Ақжар ауданына тағы да 15 үйелменді көшіру жоспарда бар.


Алаш айнасы




Көрілген: 713    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.07.2019, 14:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31