Әлеумет

Салымшылар жинақтарын «7-20-25» бағдарламасына пайдалана ала ма?

  • Салымшылар жинақтарын  «7-20-25» бағдарламасына пайдалана ала ма?

    Салымшылар жинақтарын «7-20-25» бағдарламасына пайдалана ала ма?

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын «7-20-25» бағдарламасына салу үшін пайдалана алмайды.

Данияр Ақышев: ҚР Ұлттық банкінің төрағасы: " Ұлттық банк бұндай идеяны мүлдем қолдамайды. Азаматтар БЖЗҚ-да жинаған қаржы олардың зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін өмір сүру қабілеттігін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, бұл қаржы адамдардың қазіргі әлеуметтік проблемаларына ескерілмеген. Дәл қазір аталған идеямен келіспейміз, сәйкесінше ешқандай қадамдарды қарастырған жоқпыз. ҚР Ұлттық банкі 2018 жылы облигациялық бағдарламаны іске қосады. Қор жинауды кеңейтудің екінші элементі - ол облигациялық бағдарлама. Оны 2018 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Ол банктердің қаржы тетіктеріне және корпоративті қазақстандық эмитенттеріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестицияларын қарастырады. Ұлттық банк 200 млрд теңгеге тарта соманы болжам отыр. Банктерге қаржы бөлу шаралары тек ашық негізде іске асырылады" дейді ол.
Есіңізде жүрсін! :
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Telegram желісінде өз операция жүйесін іске қосты. Енді Telegram –бот арқылы жеке зейнетақы көшірмесін алуға немесе оны жеке электронды почтаға жіберуге, жеке кабинетке кіруге арналған құпия сөзді ұмытып қалған жағдайда қайта орнатуға болады. Telegram- бот көмегімен Қор туралы жаңалықтар мен мәліметтерді алып, жақын маңдағы бөлімшелерін табуға болады. Сондай-ақ бот валюта бағамдарының ағымдағы бағасын көрсетіп, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл мөлшерін анықтауға, БЖЗҚ мобильді қосымшасын жүктеу үшін сілтеме алуға болады. "Енді боттың мүмкіншілігін одан әрі дамытып, барынша пайдалы да ыңғайлы етуге күш саламыз»-деді БЖЗҚ баспасөз қызметінен. Ботты қолдану үшін Telegram желісіндегі іздеу жүйесіне enpfbot деп тересіз. Бірінші қосылған кезде қолданушыларға тілді таңдау ұсынылады. Мемлекеттік немесе орыс тілін таңдаған соң, мәзірге кезек беріледі". Бұрын Қазақстанда SMS-хабарлама арқылы ең жиі сұраныстағы 4 қызметті алуға мүмкіндік беретін @EgovKzKenesBot Telegram-боты жұмысын бастаған болатын.

2) Сәуір айының аяғынан бастап БЖЗҚ қызметінің 52 пайызы электрондық түрде көрсетіліп келеді. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева зейнетақы жинақтау қорындағы цифрландыру туралы былай деп айтты: - 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін 5 млн азамат зейнетақы қорындағы жеке шотының көрсеткішін білу үшін электрондық қызметті таңдаған. Оның ішінде, 823 мың адам Қордан анықтама қағазын электрондық поштасы арқылы алса, 4,2 миллионы БЖЗҚ сайты немесе мобильдік қосымша арқылы алған. Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап Қордың барлық қызметі электрондық түрде беріле бастады. Тек тұрақты мекенжайының өзге елге ауысуына байланысты, шоттағы қаржыны аудару әзірге оффлайн тәртібінде ғана жүргізілуде. Бұл процесті де осы жылдың соңына дейін электрондық түрге ауыстыру жоспарланған. Өткен жылдан бері БЖЗҚ-ның 18 бөлімшесінде өз-өзіне қызмет көрсететін терминалдар жұмыс істеп келеді. Бұл әзірге пилоттық режимдегі жоба, бірақ жақын болашақта олардың санын көбейтіледі. Еске салсақ, өткен жылдың шілдесіне дейін электрондық түрде тек анықтама алу мүмкін болған. БЖЗҚ мамандары салымшыларға қашықтан кеңес беру арналарын дамытуда. Ешбір сұрақ жауапсыз қалдырылмаған.

3) Мүгедектікті және еңбекке қабілеттіліктен айырылу деңгейін белгілеу процедурасы жеңілдетілмек. Бұл туралы еңбек вице-министрі Светлана Жақыпова: - Үш әлеуметтік қызмет (жасына байланысты зейнетақы тағайындау, базалық зейнетақы төлемдері мен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы) бойынша құжаттарды қабылдау "бір өтініш" қағидасымен жүзеге асырылады. Зейнеткердің барлық төлемдері оның бір банктік есеп-шотына түседі, мемлекеттік кепілдік төлемдер де бір мезетте жіберіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді белгілеу бойынша тағы алты мемлекеттік қызмет түрін проактивті етудің механизмдері жасақталып жатыр. Мүгедектік пен еңбекке қабілеттіліктен айырылу деңгейін белгілеудің жаңа ережелері: Осы саладағы қызметтерді композиттік форматта көрсетуге көшірілді. Егер бұрын мүгедектікті белгілеу, жәрдемақыларды тағайындау және еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алу үшін адам үш ұйымға жүгінген болса, қазір тек бір ұйымға жүгінеді. Келешекте бұл өтініштер электронды түрде е-gov арқылы қабылданатын болады, медициналық-әлеуметтік сараптама өтініш берушінің жеке қатысуынсыз жүзеге асырылады. Бұл адами факторды жояды және сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендетеді.


 


"Алаш айнасы"


Көрілген: 3552    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.06.2018, 09:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31