Көші-қон және демография

Ішкі көші-қонға қатысты шаралар жалғасын таппақ

  • Ішкі көші-қонға қатысты шаралар жалғасын таппақ

    Ішкі көші-қонға қатысты шаралар жалғасын таппақ

Қазіргі заманда әлем бойынша миграция мәселесі өте маңызды құбылыстардың бірі болып отыр. Яғни, көші-қон, демография мәселесінен ешбір ел тыс қалмайды. Осынау түйіткілді мәселе Қазақстанға да қатысты. Осы орайда ішкі және сыртқы көші-қонды реттеп отыру мақсатында 2016 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданған болатын. Тұжырымдама аясында мемлекет халықтың көші-қон саласындағы түрлі мәселелерін ескере отырып, көші-қон саясатының тұжырымдамалық негіздерін жаңартуды қолға алды.

Еліміз егемендік алған кезден бастап Қазақстан қазіргі заманға сай, әлемдік жахандану заңдылықтарына төтеп беретін өзіндік көші-қон саясатын жүргізе бастады.Мұндағы мақсат көші-қон ағынын реттеу, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, демографиялық ахуалды жақсарту және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау болатын.

«Қазақстан Республикасы шетелдік қызметкерлерді тартуда уақытша көші-қон стратегиясын, ел аумағы бойынша халықты оңтайлы қоныстандыру, сондай-ақ Қазақстанға көшіп келетін этникалық репатрианттарға қатысты тұрақты ұзақ мерзімді көші-қон стратегиясын ұстануда. Сонымен қатар Қазақстанның әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына енуі жолында қойылған мақсаттары, сондай-ақ орын алып отырған және күтілетін ішкі және сыртқы сын-қатерлер көші-қон саясатының тұжырымдамалық негіздерін кеңейтуді талап етеді», делінген тұжырымдамада.

Бүгінгі таңда көші-қон саласындағы ең басты сын-қатерлердің бірі – ірі қалалар мен жекелеген аумақтарда халықтың тығыз орналасуы. Кейінгі жылдары оңтүстік өңірлердегі туу деңгейінің жоғарылығы, халық көп қоныстанған өңірлерде жұмыс күшінің артықтығы және этникалық мигранттардың орналасуы әлеуметтік шиеленістің ошағына айналу қаупін туғызуда.

Белгілі әлеуметтанушы Серік Жақсылықовтың мәліметінше, кейінгі жылдарда ішкі көші-қон айналымы 2,5 есе өскен. Бұған бір мысал – Нұр-сұлтан қаласы және Алматы. Елордада1989 жылы тұрғындар саны 281 мың болса, қазір 1 млн 70 мың адам болып, 3,8 есе артқан. «Қала тұрғындарының 80 пайызға жуығы – байырғы тұрғындар емес, басқа өңірлерден көшіп келгендер», – дейді әлеуметтанушы.

Еліміз тәуелсіздік алған жылы Алматыда 1 млн 134 мың адам тұрған. Қазір мұндағы халық саны 1 млн 854 мың. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, алматылықтардың саны соңғы бір жылда 51,6 мың адамға артқан. Сондай-ақ мегаполиске еңбек көші-қонымен келген шетелдіктер де жетерлік.

Қаладан ауылға жұмыс, оқу іздеп келушілердің саны артпаса кеміген жоқ. 2012-2017 жылдар аралығында әрбір 1000 қала тұрғынына 35 адамнан келген. Сарапшылардың айуынша, болашақта урбанизация көрсеткіші 1000 тұрғынға 3 адамнан келетіндей аздап төмендейді. Алайда жақын болашақта Нұр-сұлтан қаласына сырттан келетін мигранттар саны артпақ. 2050 жылға қарай тұрмысы нашар елдерден келетін мигранттар ағыла түседі деп күтіліп отыр. Яғни, 2050 жылға қарай елордалықтардың саны 1,9-2,5 млн адамға, қазақстандықтарлың саны 25,4 млн.-ға жетуі мүмкін. Демек, бұл қала құрылымына біраз қиындықтар туғызады. Қалаға жүздеген ауруханадар, мектептер, мыңдаған шақырым жолдар салу қажет болады.

Ел үкіметі бұған дейінгі көші-қон ағындарын реттеу бойынша бірқатар істер атқарды, біршама бағдарламалар қабылдады. Айталық, этникалық қазақтарды репатриациялау бағдарламасы шеңберінде өңірлік квоталар белгілеу, оңтүстік тұрғындарын солтүстік өңірлерге көшіруге бағытталған "Нұрлы көш" бағдарламасы, оңтүстік облыстардың ауыл жастарын солтүстіктегі оқу орындарына бағыттауға арналған "Серпін" мемлекеттік оқу гранты және т.б. бағдарламалар біраз нәтиже берді. Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру, бірқатар әкімшілік реформалар, соның ішінде Түркістанды облыс орталығына айналдыру да осы қатарда. Себебі республика бойынша барлық ауыл тұрғындарының 40 пайызы оңтүстікте, Түркістан мен Алматы облыстарында тұрады екен. Алдағы уақытта да осы саладағы іс-шаралар, жоспарлар жалғасын таба бермек. 


Алаш айнасы


 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 09:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30