Көші-қон және демография

Шығыс Қазақстан Арыстан көшкісі келетіндерді қабылдауға дайын

  • Шығыс Қазақстан Арыстан көшкісі келетіндерді қабылдауға дайын

    Шығыс Қазақстан Арыстан көшкісі келетіндерді қабылдауға дайын

Шығысқазақстандық басшылар қираған қаладан қашқан мыңдаған адамдарды қабылдауға әзір екендіктерін айтып отыр.
– Біз облыстағы 19 қала мен аудандардың өкілдерімен бірге Арысқа барып, 1528 вакантты орын ұсынуға, жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізуге, кеңес беруге дайынбыз. Егер қажеттілік болса, біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министлігіне квотаны көбейту және қаржыландыру мәселесі жөнінде ұсыныс жасауға да ниеттіміз, – дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
Шығыс Қазақстан өңірде тұрақты тұру үшін Арыстан көшкісі келетіндерді қабылдауға дайын. Қазіргі кезде бұл өңір мыңдаған қоныс аударушыны қабылдауға әзір.
Қоныс аударуға республикалық бюджеттен 736 млн теңге бөлінген.
Естеріңізге сала кетейік, облыста 2017–2021 жылдарға арналған Халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдауға арнаған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында халық жұмыспен қамтылып, мобильді еңбек ресурстары арқылы еңбек нарығы дамып келеді. Мұндағы негізгі мақсат – халық тығыз орналасқан, жұмыс табу оңайға түспейтін Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласынан халықты жұмыс күші жетіңкіремейтін Шығыс Қазақстанға қоныстандыру.
Егер Шығыс Қазақстанға қоныс аударған жағдайда отбасының әр мүшесіне 35 АЕК көлемінде (80 мың теңге шамасында) көшу шығыны төленеді. Сондай-ақ баспана жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақша бөлінеді. ШҚО қалалы мен аудандарына көшіп келушілерге бір жыл бойы ай сайын бір адамға 20 АЕК (50,5 мың теңге), отбасындағы мүшелер саны 2-ден 4-ке дейінгі жағдайда – 25 АЕК (63 мың теңге), отбасындағы мүшелер саны 5 немесе одан көп болған жағдайда – 30 АЕК (75,8 мың теңге) төленеді. Ауылға көшкен бір адамға 15 АЕК (37,9 мың теңге), отбасындағы 2 немесе 4 адамға – 18 АЕК (45,5 мың теңге), отбасындағы мүшелер саны 5 немесе одан көп болған жағдайда – 21 АЕК (53 мың теңге) беріледі.
Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар басқа да көмектер көрсетеді: көшіп келушілерге үйлерді әзірлейді, көмір, отынмен, малмен қамтамасыз етеді
– Өткен жылы бізге 1050 адам көшіп келді, олардың ішінде 3-4 отбасы отбасылық жағдайларына байланысты қайта көшіп кетті. Қалғандары өз кәсіптерін ашты, жұмфсқа орналасты, өңірдің қміріне белсене араласып кетті, – дейді Әсем Нүсіпова.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысындағы Арыс қаласында орналасқан қару-жарақ қоймасында 24 маусымда жарылыс болып, қала тұрғындары үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды. Қаладағы ғимараттардың 90 пайызы зақымдалған. Тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Жеті мыңнан астам үйлер әйнексіз, 80–85% ғимарат шатырсыз қалды. Арысқа Қазақстанның барлық түкпірінен қаржылай және материалдық көмек және жұмыс күші жөнелтілді және көмек беру әлі де жалғасуда.

Алаш айнасы



Көрілген: 1049    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.06.2019, 18:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30