Көші-қон және демография

Солтүстікке тағы 52 отбасы көшуге ниет білдірді

  • Солтүстікке тағы 52 отбасы көшуге ниет білдірді

    Солтүстікке тағы 52 отбасы көшуге ниет білдірді

Еліміздің оңтүстігінде этникалық өзбектердің көп тұратыны белгілі. Қазақстанда жүргізіліп отырған еліміздегі жұмыс күші артық өңірлерден халықты жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшіру бағдарламасына орай өзбектерге де солтүстік аймақтарға қоныс аудару ұсынылды. Яғни, тұрғынардары тығыз орналасқан Түркістан облысында тұратын өзбек диаспорасы өкілдерінің ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныс аударып, жұмыс істеуіне, кәсіппен айналысуына мүмкіндігі бар. Оңтүстікте «Еңбек» бағдарламасын тұрғындарға кеңінен түсіндіру жұмыстарымен Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы айналысуда. Бағдарламаның артықшылықтарын айтып, халықты хабарлар ету үшін партия өкілдері облыстың бірнеше аудандарында тұрғындармен кездесулер ұйымдастырды.


Тауда Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы Сайрам ауданын аралап, насихат жұмыстарын жүргізген болатын. Ақпараттық-насихаттық топ құрамында Түркістан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев,Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғ.Рысбеков, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Оразалиев, аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әбдіқадыров және облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ағабеков, Б.Нышанқұлов тағы басқалар болды. Ауданға арнайы келген партия мүшелері мұндағы өзбек диаспорасын «Еңбек» бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оңтүстік өңірден 52 отбасы солтүстікке көшуге ынталы екендерін айтты.

Айта кетейік, еліміздің оңтүстігінде тұрғындар саны көбейіп, керісінше солтүстік аймақтарда халықтың өсуі тежеліп, көшіп кетушілер саны артып, мамандар жетіспей, өңірлер арасында теңсіздік алшақтай бастағандықтан Елбасы бастамасымен  2015 жылдан бері  «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылып келеді.  Түркістан облысы басшылығы келтірген деректерге сүйенсек, бағдарлма бойынша соңғы 4 жылда облыстан солтүстікке 881 отбасы немесе 3377 адам қоныс аударып, оларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген.



Түркістан облысы Сайрам ауданындағы халық саны тығыз орналасқан елдімекендердің бірі – Қарабұлақ. Мұнда 60 мыңнан астам халық тұрады. Жалпы өңірде 400 мыңдай өзбек ағайын бар. Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Дәулетұлы шаруаға пысық өзбек ағайындар солтүстік өңірлерге қоныс аударса, өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосар еді деп санайды. Әрі қоныс аударушы өзі де жұмыспен қамтылып, баспаналы болып, кәсіппен айналысар еді дейді ол.
Жиында сондай-ақ Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғ.Рысбеков «Оңтүстіктен Солтүстікке көшіру» бағдарламасының маңызы туралы баяндама жасады. Солтүстікке қоныс аударған жерлестеріміздің тыныс-тіршілігімен жақында ғана танысып қайтқан насихаттық топ мүшелері ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдаулар мен мүмкіндіктер туралы кеңінен түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Алаш айнасы




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.09.2019, 00:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30