Көші-қон және демография

Түркістан облысы табиғи өсім бойынша алда келеді

  • Түркістан облысы табиғи өсім бойынша алда келеді

    Түркістан облысы табиғи өсім бойынша алда келеді

 Соңғы деректерге сәкес еліміз бойынша Түркістан облысы табиғи өсім жағынан көш бастап тұр.Түркістан облысындағы халықтың саны өткен жылдың соңында 3,5 мыңнан астамға артып, халық саны біршама өскен. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.


Статистика департаментінің мәліметінше, 2018 жылғы 1 желтоқсанға Түркістан облысы халқының саны 1 977 768 адамды құраса, соның ішінде қалалық жерде 387 214 адам (19,6%), ауылдық жерде 1 590 554 адам (80,4%) өмір сүреді. Яғни, 2017 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 3 354 адамға немесе 0,2% өсті.


"Облыста 2018 жылғы қаңтар-қарашада халықтың табиғи өсімі 40 815 адамды құрады және 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3%-ға (1 188 адамға) артты. Республика бойынша біздің облыс туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1 орында. 2018 жылдың қаңтар-қарашасында облыс туу бойынша республика деңгейінде алдыңғы қатарда көрінді, оның үлесі 13,6%-ды немесе 49 978 туылғандарды құрады. (2017 жылғы қаңтар-қарашада – 49 077 бала туылды). 2018 жылғы қаңтар-қарашада 1000 қыз балаға 1062 ұл бала туылды, бұл жерде ұл балдардың көп туылу тенденциясы әлі де сақталуда. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 9 163 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 3%-ға аз (2017 жылғы қаңтар-қарашада – 9 450 адам)", - деді Айдар Ахметбекұлы.


Департамент басшысы баяндамасында 2018 жылғы қаңтар-қарашада көші-қонмен тіркелген облысқа келген халықтың саны 92 678 адамды құраса, оның 40 189 адамы – Қазақстанның басқа облыстарынан, 518 – ынтымақтастық елдерінен, 19 адам - алыс шет елдерден келгендер. Облыс ішіндегі көші-қон 51952 адамды құрады. 2017 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда Қазақстанның басқа облыстарынан келгендердің саны – 70,9%-ға, ал ТМД елдерінен келгендердің саны – 29,2%-ға, ал шет елдерден келгендердің саны 2,1 есеге артқан.


Коммуникациялар қызметінде, сондай-ақ өткен жылы Түркістан облысы халқының орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 42 829 теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға, ал нақты ақшалай табыс 6,9%-ға өскені айтылды. Ал халықтың ақшалай табыстарының басты көзі – еңбек қызметінен түскен табыстар, олар барлық ақшалай табыс түсімдерінің 79,2%-ын құрапты.


Алаш айнасы




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.07.2019, 23:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30