Көші-қон және демография

Түркістан облысында жұмыс күшінің жұмыспен қамтылуы 94,8%-ға жетті

  • Түркістан облысында жұмыс күшінің жұмыспен қамтылуы 94,8%-ға жетті

    Түркістан облысында жұмыс күшінің жұмыспен қамтылуы 94,8%-ға жетті

Дербес облыс боп құрылғанына көп болмаса да, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жақсарып келеді. Облысты дамытуға арналған жол картасының уақыты жүзеге асуын, облыстық басқару органдары тарапынан барлық мемлекеттік қызметтердің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуді Елбасының өзі қатаң тапсырған болатын. Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтудың, сондай-ақ кәсіпкерлікті өркендету, ауыл шаруашылығын дамыту және көлік-логистика қызметтерінің сапасын арттыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын айырықша атап өтті.


Биылғы жылдың IІ тоқсанында «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу» сауалнамасының нәтижесіне сүйенсек, облыста жыл басынан бері 779,8 мың адам жұмыспен қамтылып, жұмыс күшінің жұмыспен қамтылу деңгейі 94,8%-ға жеткен.

Түркістан облысында жыл басынан бері «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 7 мыңнан аса адам жұмысқа орналасты. Бағдарлманы жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 536 млн теңге бөлінген болатын. Облыстық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, облыстағы 15 жас және одан жоғарғы жастағы жұмыс күшінің саны 823 мың адамға жетіп отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны 420,9 мың адамды, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер – 358,9 мың адамды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың 427,6 мыңы ер адам, ал жұысқа орналасқан әйелдер саны – 352,2 мың. Жұмыссыздар саны 43,2 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі — 5,2% болды.

Шымкент қаласы бойынша 2018 жылы IІ тоқсанда жұмыс күшінің саны 413,3 мың адамға жетті. Қала бойынша биыл 391,7 мың адам жұмыспен қамтылды. Жұмыс істейтіндер құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 71,3% құраса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 28,7% құрады. Жұмыссыздар саны 21,6 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі — 5,2% болды.

«2018 жылы кешенді жоспар бойынша жұмыспен қамтылған адамдар саны 7225-ті құрады. Оның ішінде 2066 адам жұмыссыз болса, 3277 адам - нәтижелі жұмыспен қамтылғандар. 1228 адам жұмыс іздеуші санатында белгіленгендер болып отыр. Аталған бағдарламаға тартылған 639 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Ал, 288 адам қоғамдық ақылы жұмысқа жолдама алды. 1470 жұмыссыз тұрақты жұмыс тауып, тағы 431 қыз-жігіттер Жастар практикасынан өтті. Жұмыссыздықты төмендету үшін қолға алынған бағдарлама бес бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді. Ең алдымен, дипломы бар мамандарды тұрақты жұмысқа орналастыру жүзеге асырылуда. Екіншіден, мамандығы сәйкес келмейтіндерді қайта бейімдеу ісі қолға алынған. Сондай-ақ, жұмыс өтілі жоқ жастарды практикадан өткізу де өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етіп, кәсіпкерлікті дамыту да жолға қойылып келеді. Бүгінде осы бағыттар бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр», – дейді Түркістан қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Жақыпбек Анарбаев.


Айым Нұр 




Көрілген: 952    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.10.2018, 22:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30