Көші-қон және демография

Ұлттық банк «7 – 20 – 25» бағдарламасын іске қосуды бастайды

  • Ұлттық банк «7 – 20 – 25» бағдарламасын іске қосуды бастайды

    Ұлттық банк «7 – 20 – 25» бағдарламасын іске қосуды бастайды

 Елбасның «7 – 20 – 25» мемлекеттік бағдарламасы осы жылдың шілдесінен бастап іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Парламент Сенаты отырысынан кейін мәлімдеді. Бұған дейін аталған бағдарламаның қашан  жүзеге асырылатыны туралы нақты ақпарат берілген жоқ болатын. 


Ұлттық банк төрағасының айтуынша  2018 жылдың екінші жартысында бағдарламаны бастап кету үшін  мамыр айында қажетті құжаттар қабылдана бастаған.Сондай-ақ ол бағдарламаны сәтті іске қосуға валютаны реттеу туралы заң жобасында айтылған толықтырулар қажет екенін, құжат Сенат депутаттарының қарауында жатқанын айта кетті. Оның айтуынша, бұл толықтыруларсыз «7 – 20 – 25» бағдарламасын іске қосу күрделі болмақ.



– Ұлттық банкте бар құзірет бойынша «7 – 20 – 25» бағдарламасын қабылдап, «Баспана» ипотекалық ұйымын құрдық. Қазір әділет органдарынан тіркеуден өтуде және менеджменті құрылып жатыр. Егер айтқан шарттың бәрін орындасақ, онда 2018 жылдың екінші жартысында бағдарламаны жүзеге асыруға кірісеміз» – деді ол.


Ақышев қаржы секторының өкілдерімен көптеген кездесу өткізгенін, соған сәйкес бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар екінші деңгейлі банктерге жүгінетін болады деп атап өтті.


«Екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банк негізінде ойлайтын болсақ, проблема көріп тұрған жоқпыз. Осы бағдарламаны сәтті іске қосып әрі қарай жұмыс істеу үшін барлық норманы қоса алғанда нормативтік жағдайды жақсартуға тиіспіз. Алғашқы нәтижені сол кезде айтайық» деді Ақышев.


Бағдарламаға сәйкес 7 пайыздық несие бо­йынша бастапқы салымның көлемі 20 пайызды құрамақ. Несиелер 25 жылға дейін бері­ле­ді.


Ұлттық Банк басшысының айтуынша, біріншіден Бағдарламаға қатысушы сатып алғысы келетін тұрғын үйді таңдауға тиіс. "Бағдарламада тұрғын үйдің шекті құны белгіленетін болады. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау сияқты қалаларда тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 миллион теңге, басқа өңірлер үшін - 15 миллион теңге болады.



 




Көрілген: 4541    Пікірлер: 0

жұма, 15.06.2018, 16:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31